Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 39069
  • 28.09.2011
  • 29.09.2011

Мақанов Нәсіпқали Мақанұлы 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Чапаев-Жаңақала-Сайхын автомобиль жолының қалған бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы жалғаса ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Жаданов Мәжит Ғұмарұлы 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Елбасының биылғы Жолдауында сапалы ауыз сумен қамтамасыз мәселелері – халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті екені, сондықтанда жерасты суларының әлеуетін кеңінен пайдаланып, сумен қамтамасыз етудің жаңа нысандарын салу кезінде жүйелі қадамдар жасау қажет екені айтылған. Ауданда республикалық «Таза су» бағдарламасы бойынша су тазарту қондырғылары салынып пайдалануға берілгенмен, қуаңшылық жылдары өзен көлдердегі су тартылып кетіп, су қондырғыларына су соратын мүмкіндіктер болмай қалу фактілері жиі орын алуда. Сонымен қатар қондырғыларға қажетті жөндеу жұмыстарын айтпағанда, тек сүзгісін ауыстырып, дәрумендер алуға жыл сайын көптеген қаржы аудандық бюджеттен жұмсалуда. Аудандағы су құбырынан тазартылған судың нұсқалары алынып, санитарлық-микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша ауыз су есебінде пайдалануға сәйкес келмейтіні анықталды. Сондықтанда бұл су қондырғылары арқылы ауыз су жіберу өте тиімсіз және болашағы жоқ екені белгілі болып отыр. Осы жағдайларды ескеріп «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржыдан көршілес Бөкейорда ауданының іргелес жатқан Искра елдімекені маңынан Құлшық және Искра жер астындағы мол су қорынан су құбыры арқылы ауданымыздың барлық елді мекендеріне су тартуға техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттар жасатуға ықпал етуді сұраймыз.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Ержанов Нурлан 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Сұрақ: Аудан жұртшылығы өткен жылы ауданымыздың орталығы Жымпиты ауылына көгілдір газ келгеніне өте қуанышты, Сізге алғыс айта отырып, алдағы уақытта ауданның басқа елді-мекендеріне газбен камту жумыстары аткарылады ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Асем Батрашева 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейін балаларды тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету 2020 жылға 100 пайыз құрайтын болады деп айтқан. Аудан орталығында орналасқан екі балабақшасы 190 баланы қамтиды. Дегенмен кезекте түрған балалар бар. Осы орайда жаңа балабақша ашылу мәселесі шешімін табады ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Дауытов Ізбасар Ерболатұлы – аудандық маслихаттың депутаты, «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына бала бақшамен қамтуға байланысты сұрақтар көптеп түсуде. Елбасы Жолдауына сай қабылданған «Балапан» бағдарламасының орындалу барысы туралы білгіміз келеді.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)