Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 117841
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011

ЭЛЬДАР 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Слышали, что за счет республиканского бюджета в Атырауской области ведется строительство детских садов? Хотелось бы знать где они строятся и когда будут сданы?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Болат 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Мен екінші топ мүгедегімін. Өзім Құрманғазы ауданының елді мекенінде тұрамын. Сізден сұрайын дегенім: Атырау облысында мүгедектер үшін денсаулықтарын оңалту орталығы бар ма, болса қай жерде орналасқан?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Қарасаев Орынғали 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Ел Президентінің жасампаз саясатының жемісі - Қазақстан қоғамындағы оң өзгерістердің келісті көрінісі облыс өмірінен айқын көрінуде. Бүгін осы халықпен жасап жатқан ашық әңгімені пайдаланып, ойымды айтайын. Бүгінде Атырауды кешегі күнмен салыстыра алмайсыз. Мүлде өзге кескін, жаңа келбет. Бүгін Атыраудың қаласына да, ауылында да бұрын-соңды болмаған жаңа құбылыс, түбегейлі өзгеріс. Қордаланып, халықтың үмітін үзген өзекті мәселелер шешілу кең үрдіс алды. Кейде осындай қырық жылға татырлық жүкті небары бес-ақ жылда атқарған қылыштай жастың қарқынына таң қаласыз. Ер айтпас, айтса қайтпас деген. Жергілікті жердің мүддесін қорғауға келгенде темірдей тегеурін мен жүйелі тәртіпті шебер қолдана білдіңіз. Алысты таразыға салып, болжамдай қарап, алдына бір жылдық емес, он жылдың жоба-жоспарын құрып, тайға таңба басқандай мақсат қойылды. Бұл да іскерліктің, тапқырлық пен ұтқырлықтың белгісі. Жердің, елдің байлығына қарамастан, облыс орталығына күні кешеге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей, қаланың инфрақұрылымының өскелең заман талабынан кенже қалғанын, тұрғындарға жайсыз тигенін жақсы білеміз. Қара балшыққа батып, қоқыстан арылмай, су мен жылуға жарымай, инфрақұрылымы тозып, мұнайлы астана деген атына заты сай келмей жатқанын кезінде өз көзімізбен көрдік. Міне, бүгін, республикада инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары енді басталып жатқанда Атырау өңірінде бұл жұмыстар аяқталып, ірі-ірі деген жеті бірдей басты бағдарлама: ауыз су, газ, эле ...
Толығырақ

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)

Болат Естайұлы 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

-Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық бәсекелесті жандандыруға, талантты жастардың танылуына жол ашып, спорт кешендері, спорт алаңдары күн санап бой көтеруде. Газет бетінен оқыдым, соңғы жылдары облыста 20 шақты спорттық ғимараты салынған екен. Оның ішінде әрбір атыраулық мақтаныш тұтатын әлемдік стандарттар бойынша бассейндер, қала мен барлық аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мұзайдыны сарайы, ескекпен жүзу базасы, спорт залдары мен алаңдар, мекеп жанындағы және үйлердің аулаларындағы спорт алаңшалары бар. Қарап отырсаңыз, оның бәрінде жастардың, балалардың бос уақыт өткізбей, спортпен шұғылданып жатуы қалыпты дәстүрге айналған. Аудан орталықтарының бәрінде спорт кешендері салынған. Ендігі жерде шағын елді мекендерді спорт залдарымен қамтамасыз ету қалып, олардың құрылысын таяудағы 2 жылда жоспарлап отырғаныңызды біліп қуанып отырмыз. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары футбол, волейбол, баскетбол, хоккей командалары бас жүлделерді иеленіп, чемпион атанды. Кәсіпқой спортшыларымыз олимпиада жеңімпаздары атануда. Атыраудың спорт тарихында тап осындай үлкен жеңістер болып көрген емес. Одан басқа жан-жақтан бапкерлер, спорт мамандарын шақыртып, оларды да қолдап, тұрғын үй беріп, қолдан келген көмекті көрсетіп жатырсыз. Сонымен қатар белсенді халықтың 40% бұқаралық спортпен шұғылданып, олардың саны 4 есе өскен. Міне, бұның бәрі үлкен жетістік, биік көрсеткіш, халықтың спортқа, өз денсаул ...
Толығырақ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Болатбек Кемалов 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Облыстағы мәдениет мекемелерінің ахуалы қай деңгейде? Мәдениет ошақтарын жаңартуға байланысты басқа қандай жұмыстар жүріп жатыр? Сала қызметкерлеріне пәтер беріле ме?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)