Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді

  • Сұрақтар: 54
  • Жауаптар: 44
  • 72824
  • 30.05.2012
  • 02.06.2012

Зеренинова Светлана Анатольевна 01.06.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Добрый день, скажите пожалуйста, когда планируется капитальный ремонт трассы Атырау- Астрахань. Заранее спасибо за ответ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Өмірзақ Қажымғалиев 01.06.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Құрметті атыраулықтар! «Сөз бен істің бірлігі – басты мұрат, алтын діңгек» дегендей қашанда Сіз халықтың арасынан табылып, ай сайын елді мекендерді, ауылдарды аяқтай жүріп көзіңізбен көріп, жергілікті тұрғындарын мұң-мұқтажын тыңдау өте құптарлық іс. «Ауыл – алтын бесік» дейміз. Президентіміздің көрегендігі арқасында және жүктелген міндетті мүлтіксіз орындаудың нәтижесінде соңғы жылдарда ауыл тұрмысы түзеліп, қыруар жұмыстар атқарылды. Жылдан-жылға шаруашылықтар түзеліп келеді. Облысымызда жылыжай, көкөніс қоймалары көптеп салынды. Бұрын таңғажайып жағдай көрінетін технологиялар ауыл шаруашылығына етене енуде. Өндірісті одан әрі кеңейтемін, шаруамды түзегім келеді деген шаруа қожалықтарының идеяларына қолдау жасалып, құқықтық, ұйымдастырушылық көмектер көрсетіліп отыр. Ең бастысы, тұрғындардың тұрмысын көтеру үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бүгінгі күні Атырауда су, газ, жарыққа қолы жетпеген ауыл қалмады деуге болады. Қаншама жол салынды ауылға жаңа аурухана, емхана, мектептер, спорт ғимараттары, мәдениет ошақтары салынып жатыр. Олар жабдықтармен жарақтандырылды. Бұл еңбекке деген құлшынысты тудырып, ауыл халқының пәс көңілін көтерді. Осы ізгілікті істердің нәтижесінде құрманғазылықтардың билікке деген көзқарасы түбегейлі өзгеріп, бүгінгі жүргізіліп отырған саясатқа үлкен сенімі пайда болды. Бұрын қаланы айналшақтап шықпайтын жастарымыз, туған ауылына қызмет етуге асығатын күнге жеттік. Азғырдан басқа, Құрманғазы ауданы тол ...
Толығырақ

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)

ЛУКПАНОВА ТУРСЫНАЙ ЖОЛАМАНОВНА 01.06.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Салематсызба?мен бурын сыздын блогынызге хат жолдаган едым,жауабын алдым коп коп рахмет,Мен озым 2 топ мугедегымын бала кезымнен,анам коп балалы ана,акем 3 топ мугдегы,турмыска шыкпаганмын,ата-анаммен бырге турамын,сызден коммуналдык тургын уй сураган болатынмын хатымда сыз керекты кужаттарды жинап тапсырыныз деп жауап бердыныз,мен тапсырдым ендыгы умытым сызде маган комектесуынызды сураймын.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Зеренинова Светлана Анатольевна 01.06.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Добрый день, скажите пожалуйста, предпринимаются ли какие- либо действия в отношениии периодического возгорания очагов городской свалки. Заранее спасибо за ответ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Фархад 31.05.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бергей Саулебаевич! Есіңізде болар, біздер Балықшыдағы апатты үйлердің тұрғыны едік. Былтыр жыл аяғында уәде еткен едіңіз, жақында үй беріледі деп. Міне, жыл басталысымен су жаңа, кең де жарық, құрғақ, керемет бір-бір пәтердің иесі болдық. Бала-шаға, туған-туысқандарымыз үшін кең сарай болды. Әлі де сенер сенбесімізді білмейміз. Қанша жыл азап көрдік. Бүкіл көрші-көлем жаңа ықшам ауданға көшіп келдік. Қуанышта шек жоқ. Алғысымызды айта алмай жүр едік, осы сәтті пайдаланып, Сізге бүкіл апатты үйлердің тұрғындары атынан тұрмысымызға жаңа бақыт сыйлағаныңыз үшін үлкен рахметімізді жеткізгіміз келеді. Халыққа, елге жасап жатқан жақсылықтарыңыз алдағы істеріңізге серпін берсін.

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)