Елдегі діни ахуал туралы
Елдегі діни ахуалды талдау және мониторингтеу, сондай-ақ діни ахуалдың даму үрдістері, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 974
- 17.11.2020, 09:30
- 17.11.2020, 19:30
- ҚР АҚДМ Дін істері комитеті
Нахдбай Есимжан 17.11.2020, 11:10 Сұрақ нөмірі: 9892
Конституция бойынша Қазақстан зайырлы мемлекет. Яғни, қандай да бір діннің насихатына бюджеттен қаржы бөлінуі мүмкін емес. Осы логикамен алсақ, мүфтият жанынан ашылатын «Халық арнаға» бюджеттен көмек болмауы керек. Бұл арнаны кім қаржыландырады? Мұхамеджан Тазабековтің «Асыл арнасын» кімнің қаржыландырғанын әлі күнге дейін ешбір құзырлы орган ашып айта алмай отырғанда, «Халық арнаға» кімдердің ықпал ететінін қалай бақыламақшысыздар?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Нахдбай Есимжан 17.11.2020, 11:10 Сұрақ нөмірі: 9891
Қазақстанда ресми тіркелген ғибадатханалардан тыс жерде діни уағыз жүргізушілердің жауапкершілігі заңда қаншалықты қамтылған? Мыңдаған жасты қысқа балақ пен мұртсыз сақалға кіріптар етіп, қыздардың қара жамылуына себеп болған діни ағымды «Асыл арнаы» арқылы 10 жыл бойы уағыздаған Мұхамеджан Тазабектовтің ҚМДБ алаңына ресми мәлімедеме жасау арқылы жазадан құтылып кетуіне неге жолберіп отырсыздар? Комитет тарапынан құзырлы органдарға нақты осы тұлғаны жауапқа тарту туралы қандай талап, арыз берілді?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Нахдбай Есимжан 17.11.2020, 11:09 Сұрақ нөмірі: 9890
2000 жылдардың орта шенінде сопылық ағым ұстанды деген айыппен ғалым Саят Ыбыраев сотталып, Қазақстан ұлттық арнасының тілшілері қудалау көрген болатын. Ол кездегі әрекеттер мемлекеттік БАҚ арқылы қандай да бір діни ағым өкілі тұрақты хабар таратып, контент жүргізуіне болмайды деген логикамен түсіндірілгені есімізде. Сол талап салафизм өкілдеріне неге жүрмейді? Кеше ғана өзінің салафизм ағымын ұстанғанын мойындаған адамның Ұлттық арнаның ең қолайлы уақытында хабар жүргізуіне Комитет қалай жол беріп отыр? Дін істері комитеті тарапынан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне немесе «Қазақстан» ұлттық арнасының басшылығына Мұхамеджан Тазабековке экраннан эфир бөлмеу қажеттігі туралы қандай да бір ескерту, ұсыным айтылды ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Нахдбай Есимжан 17.11.2020, 11:08 Сұрақ нөмірі: 9889
1.Қазақстанда елдің конституциялық құрылымына қауіп төндіреді деп бағаланған қандай да бір топты, ағымды, бағытты экстремистік ағым деп жариялау тәжірибесі бар. Салафизм ағымына Қазақстанда тыйым салуға не кедергі? Әлде Дін істері комитеті ол ағымды Қазақстанның конституциялық құрылымына қауіп төндірмейтін ағым деп бағалай ма? Егер заңда ондай тетіктер жоқ болса, осы салаға жауапты орган ретінде неге ұсыныс енгізбей отырсыздар?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)