ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 17
- 33208
- 03.12.2015
- 03.12.2015
Калымбек Шапағат Бердалықызы 03.12.2015 Сұрақ нөмірі:
Құрметті Б.Бәкірұлы! Сізбен тікелей байланыста тілдесіп отырғаныма қуаныштымын. Менің сұрағым облысымызда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қанша білім беру мекемелері салынуда, яғни құрлысы жүруде және олардың қаншауы мектепке дейінгі білім беру мекемесі, нешеуі мектеп?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Ауыл ақсақалдары атынан Елшібек 03.12.2015 Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бейбіт Бәкірұлы! Елбасының салиқалы саясаты арқасында еліміз өркендеп, дамып келеді. Осы тұста ауыл ақсақалы ретінде Сіздің осы бағыттағы жұмыстарға қосар үлесіңіз зор екеніне сенемін. Мендегі көкейдегі бір сұрақ - Өзім Оңтүстік өңірінің киелі Қазығұрт ауданындағы Тұрбат елді мекенінде тұрамын. Тұрбатқа газ құбырын жүргізе бастағанда қуанышымыз көкіректі ұрып тұратын. Осыдан 2 жылға татиды, жұмыс аяғын табар емес. Бұл қалай болғаны?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Конысова Акмарал 03.12.2015 Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бейбіт Бәкірұлы! Менің жас балаларым бар. Олардың жасы 3 және 5-те. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды орналастыру, (жолдама беру) тәртібі қалай жүргізіледі?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)