Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 58
- Жауаптар: 42
- 69173
- 17.04.2017, 14:45
- 17.04.2017, 20:00
- Астана қаласы
Сариев Таған 17.04.2017, 13:36 Сұрақ нөмірі: 6970
Қазіргі таңда, е-гов веб-порталы арқылы электронды қызмет түрлерін алу үшін, біз сияқты жастарға қиындық туғызбауы мүмкін. Алайда, біздің ата-әжелерімізге, аға-апаларымызға, яғни жасы үлкен адамдарға электронды қызмет түрлерін алу үшін е-гов веб-порталынан өтінім беру процедуралары тым күрделі болып келеді. Осыған байланысты, е-гов веб-порталы арқылы өтінімдерді беру процессін мейлінше оңайлату қажет деп есептеймін.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Жұлдызбай Азамат 17.04.2017, 13:35 Сұрақ нөмірі: 6969
Моя сестра стоит в очереди на получение жилья как государственная служащая с 2011 года. Очередь двигается медленно. Как я слышал в городском акимате очередь общая для всех категорий как военные, государственные служащие, малообеспеченные и т.д. Можно ли эти категории рассматривать по разным очереди для каждой категории.
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Алибекова Айдана 17.04.2017, 13:30 Сұрақ нөмірі: 6968
Мой супруг работает в акимате. Он с работы возвращается очень поздно. Выходные тоже ему приходится выходить на работу. По его словам у них всегда много незапланированных и срочных заданий, которые никогда не заканчиваются. Но заработная плата от этого не меняется. Считаю дать поручения их руководителям по правильной организации работы государственных служащих.
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Дюсенов Алмас 17.04.2017, 13:26 Сұрақ нөмірі: 6967
Мемлекеттік қызметке түсу кезінде тапсыратын тест талаптары қиын. Соған тапсыратын заңдардың санын азайтуды және сынақтан өте алмай қалған кезде қайтадан тапсыру мерзімін 2 айдан 1 айға азайтса жақсы болар еді. Сол бойынша өз ойыңызды айтсаңыз?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Үсембаев Серікбай 17.04.2017, 13:20 Сұрақ нөмірі: 6966
Жол полициясы саласында сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою үшін бейнебақылау және фотоаппараттардың санын мейлінше көбейту қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін беру кезінде де сыбайлас жемқорлық бар сияқты. Себебі, қымбат автокөліктерде әдемі нөмірлер көп. Соны бір тексеріп себебін анықтау қажет.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)