Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә. Абаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 5437
  • 30.06.2017, 11:00
  • 30.06.2017, 13:00
  • ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі

Аязбай Еркебулан 30.06.2017 Сұрақ нөмірі: 7105
  • 0

Кез келген компания,банк жарнама жасау кезінде ақпарат қаншалықты шындыққа сай (мысалы лотореяда ұтысты алатын кезде комиссия төлейді екен, бірақ жарнамада ол жайлы айтылмайды. Билет 200тг болса , билетті сатып алған адамның ақшасы соған ғана жетуі мүмкін. Сосын ұтысты алатын кезде комиссиясын төлей алмаса ? ) келуі керек? Себебі жарнама арқылы ақпаратқа қол жеткізген адам көбінде алданып қалатыны хақ.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (1)

Какыбаланов Серикказы 30.06.2017 Сұрақ нөмірі: 7104
  • 0

Қайырлы күн, министр мырза! Бұрындары БАҚ-ты осы электрондық үкімет порталы арқылы тіркеуге болушы еді. Сол қызметті алып тастаған. Неге алынып тасталды екен? Ұлттық Интернет ассоциациясы атынан интернет-басылым тіркесек деп еді. Рахмет!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Аязбай Еркебулан 30.06.2017 Сұрақ нөмірі: 7103
  • 0

Ауруханаларда әр адамның денсаулығы туралы ақпарат қаншалықты қорғалған? Бәрі орталық базаға енгізілуі себепті донор іздеген адам (байлар немесе мемлекеттік шенеуніктерге) сол ақпараттарға қаншалықты қол жеткізіп қоюы мүмкін? Бұл сұрақтың туындау себебі: донор өте керек жағдайда дені сау адамды анализдері арқылы тауып алып мәжбүрлеп донор ету қаупі, немесе клиникалық өлім арқылы дене мүшесін алу мүмкінлігі туындауы. "Батыс Қазақстан өңірінде бір ата ана баласының басынан ауыр соққы алу себебіне байланысты ауруханаға апарыпты. 2 күн өткеннен кейін ата анасына баласы қайтыс болған туралы хабар беріпті. Бірақ баланың ішкі жарамды органдарын түгелімен алып қойған еш туысқандарының келісімінсіз. Жаңалықтан сөйлеген медицина саласының қызметкері бәрі заңды екенін айтып, қайтыс болар алдында дене мүшесін алуға келісім берген адамның мүшелерін ала беруге болатыны заңда рұқсат етілген деп заңға сүйенетінін айтқан". Яғни бұл сияқты оқиғадан шығатын қауіп: Керек донордың анализіне қол жеткізген адам ол адамға өте ауыр соққы жасап, ауруханада ішкі мүшелерін алу қаупі бар.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Магроев Азамат 30.06.2017, 11:30 Сұрақ нөмірі: 7102
  • 0

Ақпаратқа қол жеткізу құқығы шектелген жағдайда қайда шағымдануға болады?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Мангужинова Махабат 30.06.2017, 11:30 Сұрақ нөмірі: 7101
  • 0

Кто является обладателем информации согласно доступу к информации?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)