«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 702
- 05.08.2022, 15:00
- 05.08.2022, 18:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қазихан Әйгерім 05.08.2022, 16:45 Сұрақ нөмірі: 11228
Мен әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу бойынша жалпы конкурсқа қатысып, оң нәтиже алдым. Қазіргі таңда, жеке компанияда қызмет атқарамын. Осы мәселеге қатысты басшыма айтқан кезде, мекеме басшысы маған отработка туралы ескертті. Бұл жағдайда қалай болады? Мен өтіп тұрған мемлекеттік орган мені күтеді ме немесе конкурс нәтижесі жойылады ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Қазихан Әйгерім 05.08.2022, 16:40 Сұрақ нөмірі: 11227
Сәлеметсізбе. Ресей мемлекетінен шағын көлемді кеме сатып алып едім, Атырау қаласына қалай есепке қоюға болады екен, қажет құжаттарын айтсаңыз?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Жаулин Галымбек 05.08.2022, 16:15 Сұрақ нөмірі: 11226
Саламатсыз ба?! Мемлекеттік органда қайта ұйымдастырылу жоспарлануда. Менің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім 4 жыл 8 ай, ал осы органдағы стажым 2 жыл 3 ай болып тұр. Ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда маған төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төленеді ме?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Исламғалиев Әлібек 05.08.2022, 16:14 Сұрақ нөмірі: 11225
Саламатсыз ба?! Жоғары оқу орнын үздік аяқтадым. Енді мемлекеттік қызметке орналасайын деп едім. 2-ші бағдарлама бойынша қандай заңдардан тест тапсыру қажет және шекті мәні қанша болуы қажет?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Абсенов Руфат 05.08.2022, 15:50 Сұрақ нөмірі: 11224
Қайырлы күн! Қазіргі таңда аудан аралық жол қатынастары жақсарып келеді. Алайда, жолаушылар тасымалымен заңсыз таксилер айналысуда. Такси жүргізушілері өздері қалаған уақытта беймезгіл мерзімде жүріп түрлі жол апаттары орын алуда. Аудан мен қаланың арасына тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін рұқсатты қалай аламын?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)