«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері»

«Сыр өнірінің мәдениеті мен өнері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 298
  • 06.04.2023, 10:00
  • 06.04.2023, 17:00
  • Қызылорда облысы

Султанжанов Жетесби 06.04.2023 Сұрақ нөмірі: 11790
  • 0

Сәлеметсіз бе! Бірнеше жылдан бері Сырдың бойындағы бірқатар қалашықтарда жүйелі археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын білеміз. Бұл ретте, оғыздардың ордасы саналатын ортағасырлық Жанкент қаласындағы жұмыстар өз жалғасын табады ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Амал Серікболсын 06.04.2023 Сұрақ нөмірі: 11789
  • 0

Өзіңіз білесіз, Сыр өңірінің әдебиет пен өнер майталмандары сонымен бірге қоғам қайраткерлерінің есімдері бұл күнде аңызға айналып, тарих беттерінде алтын әріппен жазылуда. Биылғы жылы тарихи тұлғаларымыздың есімін ұлықтауда қандай мәдени-рухани шаралар атқарылады?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Шахмарданұлы Фатихшах 06.04.2023 Сұрақ нөмірі: 11787
  • 0

Қызылорда қаласында жаңадан салынып жатқан Өнер орталығы қай уақытта пайдалануға беріледі, өнер ұжымдарының концерттерін заманауи сахнада көруге мүмкіндік бола ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Романкулова Гульсим 06.04.2023, 11:32 Сұрақ нөмірі: 11786
  • 0

Сәлеметсіз бе?! Биыл Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл. Білуімізше, Сыр өңірінің тарихына қатысты зерттелмеген құжаттар Ресей Федерациясының, Татарстан, Өзбекстан Республикаларының Орталық мемлекеттік архивтерінде сақталған деген ақпарат бар. Аталған құжаттардың көшірмесін алу бойынша жұмыстар жүргізілсе жақсы болар еді.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)