Әдеп және мемлекеттік қызметшінің тәртіп нормалары
Әдеп және мемлекеттік қызметшілердің тәртіп нормаларын сақтау жөнінде жауап беріледі
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 9
- 9360
- 12.12.2017, 11:00
- 12.12.2017, 18:00
- Батыс Қазақстан облысы
Байгалиев Темирхан 12.12.2017, 16:02 Сұрақ нөмірі: 7546
Мемлекеттік қызметші көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жұмыс уақытынан тыс уақытта қандай тәртіпте пайдалана алады?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Сартов Амандык 12.12.2017, 15:52 Сұрақ нөмірі: 7545
Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған кезде әдеп жөніндегі уәкілдің комегіне жүгіне алады ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Ишангалиев Кайрат 12.12.2017 Сұрақ нөмірі: 7544
ПІКІР Мемлекеттік қызметші - қазіргі заманымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы деген ойдамыз. Қоғамда мемлекеттік қызметші өзін қай жағынан алғанда да үлгілі болуы тиіс. Сондықтан оған мемлекеттік қызметшінің Әдеп Кодексін сақтау, талаптарын орындау деген нұсқаулар беру лайықсыз көрінеді. Мемлекеттік қызметші өзін үйде де, жұмыста да, басқа қоғамдық орындарда да бір қалыпты ұстау оның дағдысына айналу қажет. Айтарымыз, мемлекеттік қызметші өзінің ісімен сыйлата алатын, құрметке лайық, абзал да қарапайым болмысымен мәртебесі биік болғанын қалаймыз. Сонда ғана, қарапайым халықтың мемлекеттік қызметшіге деген сенімі, көзқарасы дұрыс қалыптасады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке орналасуға ұмтылыс жоғарылайды. Себебі бұл қызметке кез-келген емес, білімі мен мәдениеті, парасаты мен кішіпейілділігі үйлесім тапқан тұлға лайық деген ойдамыз. Сырым аудандық қоғамдық кеңестің төралқасы
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Коняева Балым 12.12.2017, 11:36 Сұрақ нөмірі: 7543
2. Жоғары органдар тарапынан мемлекеттік мекеменің қызметтік автокөлігін қызметтен тыс және жеке мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы тапсырмалар берілді. Ауданда осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта және жеке мүддеге пайдалануға тиым салу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөліктеріне мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленген үлгіге сәйкес жапсырмалар орнатылды. Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп рейдттер ұйымдастырылып келеді. Дейтұрғанымен, мемлекеттік автокөліктермен облыс орталығына, ауыл арасына іс сапарға жиі шығуға тура келеді. Кәзіргі қысқы ауа райын ескере келе және облыс орталығынан біраз қашықтықта орналасқан аудан болғандықтан кей кездері жұмыстан тыс уақыттарда мемлекеттік автокөліктер жол жүргелі жатады. Сұрақ: қызметтік автокөліктерге қатысты рейдттерде осы жағдайларды ескеру мүмкіндігі болады ма? Ол үшін қандай шаралар алыну қажет?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Шемереко Сергей 12.12.2017, 11:30 Сұрақ нөмірі: 7542
1. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиаларда аккаунттарды қолдануы бойынша Әдістемелік ұсынымдары әзірленіп, жұмыс барысында пайдалануда. Осы ұсынымдарда мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін және оған сенімсіздік тұғызатын фотолар, видео және басқа да материалдарды жариялауға және таратуға тыйым салынған. Сұрақ: мысалы, мемлекеттік қызметші өзінің үйлену (тұрмыс құру) тойында қымбат көліктің қасында, шақыру билетке суретке түсу немесе ресторанда алкогольсіз бейнеленген фотосуреттерін әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастыра алмайды. Осы шектеулердің жоғарыда айтылған Әдістемелік ұсынымдардан бөлек қандай да бір нормативтік-құқықтық негіздемелері бар ма екен? Себебі Қазақстан Республикасы Конституциясының 18 бабының 1 тармағында «Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар» делінген. Аталған фотоларды мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін және оған сенімсіздік тұғызатын материалдарға жатқызуға болады ма? Осы мәселе мемлекеттік қызметшілер арасында түсінбеушілік туғызуда.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)