«Жастарды қолдау бағыттары туралы»
«Жастарды қолдау бағыттары туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 1163
- 26.02.2019, 10:00
- 26.02.2019, 18:00
- Қызылорда облысы
Қаппаров Нұрсұлтан 26.02.2019, 15:28 Сұрақ нөмірі: 8274
Саламатсызба ! тақырыптан ауытқып жатсам кешірім өтінем. Ауылдағы мал ұрлығы басты өзекті мәселе болып тұр. Осы өтінішім арқылы, Сізге Бала би ауылы тұрғындары атынан Бала би ауылында қазіргі таңда мал ұрлығы өршіп тұрғанын, ұсталған ұрыларға кешірім берді деген себеппен ешқандай іс қозғалмай жатқандығын жеткіземіз. Кешірімді мал ұрлығымен ұсталған кезде ғана тек сол малы ұрланған 1 (бір) кісіден ғана кешірім алады, ал шын мәнісінде бұл ұры ұсталғанға дейінгі мал ұрлықтары еш қараусыз қалуда. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары құқық қорғау органдары тарапынан күдерін үзген, арыз жазғанмен нәтиже жоқ деп арыз жазудан бас тартуда. Бұл жағдайлар өз кезегінде арыз жазылмағандығы, ұры ұсталғанмен кешірім беруі себептері арықылы ұрлық болғанымен ешқандай іс қозғалмағандығы мал ұрлығының өршуне басты себеп болып тұр. Ауылдағы қарапайым халықтың күн көрісі көбіне мал бағу және егінмен айналысу екендігін есекере келіп жас кәсіпкерлердің кәсіппен айналысуына кері әсерін тигізіп,кәсіпкерлердің жолын байлауда. Жоғарыда аталғандардың негізінде Сізден Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округі Бала би ауылындағы мал ұрлығын жолын кесу және алдын алу шараларын ұйымдастыруға, жоғалған малдарды өз егелеріне қайтаруға және ұсталған ұрылардан өндіруге ықпал жасауыңызды сұраймын.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Қаласов Темірбек 26.02.2019, 13:10 Сұрақ нөмірі: 8271
Құрметті, Қырымбек Елеуұлы! Өзіңіздің тікелей қолдауыңызбен Сырдария өзенінің сол жағалауынан «Жастар орталығы» ғимаратының құрылысы басталған болатын. Осы ғимаратты жастар игілігіне пайдалануға беру қай уақытқа жоспарланып отыр?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Кенжебаева Биқанат 26.02.2019 Сұрақ нөмірі: 8269
Қазіргі таңда аймағымыздың білімді жастары алыс-жақын шетелдерде білім алуда. Ресей Федерациясында білім алып жатқан жастардың оқуын тәмамдағаннан кейінгі жұмысқа орналасу мәселесі мені қатты толғандырады, осы ретте түлектерді жұмыспен қамту мәселесіне тоқталсаңыз.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Тайрова Шынар 26.02.2019 Сұрақ нөмірі: 8268
Могу ли я участвовать в региональной программе «Орда» как молодежь?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Мұхамеджан Шапағат 26.02.2019 Сұрақ нөмірі: 8267
Уважаемый Крымбек Елеуович! Мы знаем, что молодежь города Байконур также принимает активное участие в общественной жизни региона. Насколько они привлечены в текущем году?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)