Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 31738
  • 09.11.2009
  • 10.11.2009

Тоқтамыс 09.11.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Қадірлі облыс әкімі, Бөрібай Биқожаұлы! Сізге хат жазып отырған Меркі ауданының ақсақалы. Табиғаты тамаша жерде орналасқан ауданның халқы бүгінде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен жергілікті «Қазақстан-Тараз» телеарнасын көре алмауда. Бұл мәселе іргемізде жатқан Т.Рысқұлов ауданына да ортақ екенін естуім бар. Газет-журналдан бөлек, облыс, республика көлеміндегі күнделікті жаңалықтарды телеарналардан естіп, білгіміз келеді. Осы мәселе шешімін тапса деген тілегімді жеткізсем деп едім. Құрметпен, Тоқтамыс ақсақал.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Жасулан 09.11.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бөрібай Биқожаұлы! Мен Тараз қаласының тұрғыны, музыка пәнінің мұғалімімін. Өзіңіз білетіндей, облыста талантты бүлдіршіндер көп. Аймақта олардың музыкалық кәсіби білім алуына жағдай жасалмаған. Осыған орай, «облыста оқушыларға арналған музыка мектебін ашу 2010 жылдың жоспарына енгізілген бе?» деген сұрақты өзіңізге, өңір басшысы ретінде жолдағым келеді.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Ерік 09.11.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Мен Тараз қаласының тұрғынымын - жер телімін алуға 2007 жылдан кезекте тұрмын. Жер қашан беріледі;

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Жаңатастықтар 09.11.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бөрібай Биқожаұлы! Жаңатас қаласындағы аудандық мәдениет үйінің артындағы спорт мектебіне қарасты бокс залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсынысым бар. Бұл мәселе оң шешімін тапса Серік Қонақбаев, Бақтияр Артаев, Ермахан Ыбырайымов сынды боксшылар көптеп шығар ма еді.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Г. Исаева 09.11.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Қарасу мөлтек ауданын дағы 320 орындық бала-бақша ғимараты қашан пайдалануға беріледі ?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)