- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Әл-Қахтанимен кездесуі туралы
Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Әл-Қахтанимен кездесу өтті. Мен екі елдің құқық қорғау органдарының қылмыспен күресу, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара әрекеттесуін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, қазақ тарапының сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірдім. Өз кезегінде сауд дипломатиялық корпусының басшысы біздің елдер арасындағы дәстүрлі жоғары сенім мен өзара түсіністік деңгейін атап өтіп, оның бірлескен тиімді өзара әрекеттесуге бейілділігін растады. Қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау мәселелерін талқыладық. Кездесу қорытындысы бойынша біз өзара қарым-қатынастардың қол жеткізілген деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтіп, оларды өзара мүдделі барлық салаларда одан әрі дамытуға ниет білдірдік. ...
- 21.05.2025
- 53
Алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша күдікті Сауд Арабиясынан экстрадицияланды
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және ІІМ Интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстанның Елшілігінің көмегімен Сауд Арабиясынан алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадиция ...
- 19.05.2025
- 53
Қауіпті қылмыстарды қайталаған қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армения Республикасындағы Елшілігінің көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын кісі өлтіруге оқталу үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ереваннан экстрадициялады. 202 ...
- 16.05.2025
- 49
ЕҚЫҰ делегациясымен кездесу
Бүгін ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық өлшем үйлестірушісі Елші Бақыт Жүсіповпен кездесу өткізді. Терроризмге және адам саудасына, кибер және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады. ЕҚЫҰ-ның қазірг ...
- 15.05.2025
- 50
Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған Ресейден экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жеке адамға қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сот үкімін орындау мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Аталған тұлға 2023 жылы Риддер қаласында алкогольдік ішімдік ішу барысында жәбірленушімен ауызша жанжал н ...
- 12.05.2025
- 59