• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Арманға жол» бағдарламасы Петропавл электротехникалық зауытының 100-ден астам қызметкеріне қоныс тойын тойлауға көмектеседі

«Отбасы Банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) мен «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС «Арманға жол» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Петропавл электротехникалық зауытының басшылығы өз қызметкерлеріне баспана сатып алуға қолдау көрсетуді ұйғарды. Осылайша, Отбасы банкіндегі депозитке баспанаға қажетті бастапқы жарнаны жинақтау кезеңінде компания қызметкерлерін 3 жыл мерзімге жалға берілетін баспанамен қамтамасыз етуге дайын. Бұл қарапайым жұмысшыларды тұрғын үй құнының 50% салымдарына тезірек жинауға ынталандырады. Кейін олар төлем қабілеттілігін растамай-ақ, Отбасы банкінен жылдық 5%-бен (ЖТСМ 5,2% бастап) тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ компания өз қаражаты есебінен қызметкерлердің салымдарын ай сайын 150 мың теңгеге толықтырып отырмақ. Ал «Арманға жол» бағдарламасы компания қызметкерлеріне өз жалақыларынан Отбасы банкіндегі депозитке автоматты түрде ақша аудару арқылы қажетті соманы жинақтауға көмектеседі. Ол үшін жұмысшылар зауыттың бухгалтериясына өтініш жазулары қажет, ізінше қаражат автоматты түрде олардың жалақыларынан бірден шотқа аударылып отырады.

«Арманға жол» кәсіпорын қызметкерлеріне жалақыдан Отбасы банкіндегі депозитке автоматты түрде ақша аудару арқылы жинақ жасауға көмектеседі. Осы жұмысты үйлестіретін және әріптестерінің қаражатын Отбасы банкіндегі шотқа аударатын ұйым қызметкері (бухгалтер) банктің серіктесі болады.

Жұмысшыларын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын өз тұрғын үйлерін зауыт аумағына іргелес салып жатыр. Барлық пәтерлер таза әрлеуде, жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Сондай-ақ, қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін бірінші қабаттарда балабақша жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта 104 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оны 2023 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланған. Жуырда алғашқы 10 отбасы жаңа баспаналарына қоныстанып, 2023 жаңа жылды өз пәтерлерінде қарсы алмақ.

Бүгінгі таңда қазақстандық жетекші электр жабдықтарын өндіруші «Alageum Electric» компаниясының құрамына кіретін трансформаторлық жабдықты шығаратын зауыттың негізгі өндірісінде 150-ден астам, қосалқы өндірісте тағы 30 адам жұмыс істейді. Өндірістік қуаттарды кеңейтіп, штатты 1,5 мың жұмысшыға дейін ұлғайту жоспарда бар. Штат жұмыс күші көп аймақтардан келген жұмысшылар мен жергілікті қызметкерлерден тұрады. «Оңтүстік-Солтүстік» мемлекеттік қоныстандыру бағдарламасын қолдау мақсатында серіктестіктер тобы жас мамандардың отбасымен көшіп келуіне жағдай жасауда.

Бүгінге дейін солтүстік-қазақстандық түрлі ұйымдардың 300-ден астам қызметкері «Арманға жол» бағдарламасының қатысушысы атанды. Ал өңірдегі 80-ге жуық ұйым қызметкерлеріне баспанаға қаражат жинауға көмектесуде.

 

  • 19.12.2022
  • 387
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика