• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
10 мамыр күні Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдай бастайды

Биылғы жылы гендерлік бағдарламаны несиелендіруге 15,6 млрд теңге жұмсалады. Бұл қаражатты Азия даму банкі (әрі қарай – АДБ) үшінші транш аясында бөліп отыр. Отбасы банк дәл осы қаржы институтымен бірлесіп, бірнеше жылдан бері «Ұмай» жобасын сәтті жүзеге асырып келеді.

АДБ шарттарына сәйкес Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40% аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарлануда.

Несиенің 60% облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына берілмек. Бұл өңірлердегі қазақстандық әйелдерді қолдау және несиелеуде диспропорцияны болдырмау мақсатында жасалды.

Гендерлік теңдікті жетілдіруге негізделген бағдарламасы іске асыруға АДБ бас-аяғы 38 млрд теңге көлемінде қаражат бөліп отыр. 2021 жылы «Ұмай» бағдарламасы басталған кезде, бірінші транш аясында, жалпы көлемі 8,4 млрд теңгеге 954 қазақстандық қыз-келіншек қарыз алған болатын. 2022 жылы 14 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1 119 бұрымды баспана алып, қоныс тойын тойлады.

Бағдарлама бойынша берілетін заемның ең жоғарғы құны 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме биылғы жылы 14,4% (ЖТСМ - 15,4% бастап) тең, кейін ол 3,5%-5%-ға дейін (ЖТСМ - 3,6% бастап) төмендетіледі. 

«Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады. Сондай-ақ «Ұмай» бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз алуға болады.

Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, ол 15%-дық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 640 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20%-дық алғашқы жарнамен алуға болады.

– «Ұмай» бағдарламасы екінші немесе үшінші тұрғын үй сатып алуды көздеп отырған, кірісі жоғары әйелдерге арналған. Биылғы жылы біз АДБ-мен бірлесіп, «Ұмай» бағдарламасына табысы 200 000 теңгеден аспайтын әйелдер де қатыса алатын болады деп шештік. Егер олар төлем қабілеттілігін растаса, ең төменгі 15% бастапқы жарнамен несие алатын болады. Біз оларға бөлінген қаражат аясында жалпы несиелендірудің 20% жуығын бөлуді жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Ұмай» бағдарламасы бойынша несиені otbasybank.kz порталында онлайн немесе банк бөлімшелерінде және кеңес беру орталықтарында рәсімдеуге болады.

Бүгінгі күні Отбасы банкінде 1,5 млн жуық депозит немесе белсенді жинақ шоттарының жалпы көлемінің 68% әйелдермен ашылған. Банктің қарыз алушылары арасында да әйелдердің саны басым (54,7%). Қыз-келіншектеріміздің пәтер немесе үй сатып алу үшін несие алатын негізгі жасы 36-45 жас аралығында. Әдетте, несие мерзімі 10 жыл. Отбасы банкінде әйелдер төлеп отырған несиенің орташа сомасы 11 млн теңгеге тең.

  • 03.05.2023
  • 283
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика