• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Отбасы банк 1000 заем берді

Биылғы жылы «Дипломмен ауылға» қазақстандық бағдарламасының алғашқы қатысушылары Қарағанды ​​облысы Шет ауданының тұрғындары болды. Бұл мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері. Олардың барлығы жас мамандар.

Республикалық жоғары оқу орындарында білім алып, диплом алған университет түлектері өз білімдерін шағын ауыл тұрғындарына жеткізу үшін туған ауылдарына оралды.

  Шет ауданында 6 адам алғашқы заемдарын алды. Олардың қатарында Қайыржан Тлеуқабылов та бар. 2019 жылы өз өлкесіне оралған маман 4 жылдан бері Жамбыл Ақылбаев атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сабақ беріп келеді.

- Бұл бағдарлама жас мамандарға зор мүмкіндік. Соның арқасында баспана алып, отбасы құруды жоспарлап отырмын. Көпқабатты үйден пәтер таңдап алдым. Шарттары да қолайлы екен. Осыған дейін ата-анамның үйін паналап келдім. Енді жуырда өз баспанама көшемі, -дейді Қайыржан Тлеуқабылов.  

Биылғы жылдан бастап Отбасы банк «Дипломмен ауылға» бағдарламасының операторы болды.

Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға заем беруді қарастырады. Несиенің ең жоғарғы сомасы 1500 АЕК-ке дейін, несие мөлшерлемесі 0,01% (ЖТСМ – 0,01% бастап). Сондай-ақ, бағдарлама аясында ауылдарда көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қолдауды алу барысын жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа көшірілді.  Бұл - процесті ашық етіп, бюрократияны азайтып, заем алу жылдамдығын арттырды. Бұрын несиені рәсімдеу 18 күнге созылса, қазір бұл жұмыс 8 күнге дейін қысқарды.

Қазақстандықтардың өтініштері otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимінде қабылданады.

Биылғы жылы бағдарлама бойынша 20 млрд теңге бөлінді.

Қазірдің өзінде барлық аймақтардағы қатысушылардан 4000 астам өтінім қабылданды.  Ал алғашқы 1000 ауыл тұрғыны несие алып, жеке баспана сатып алды.

Өтініштердің басым бөлігі - Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарының ауыл тұрғындарынан түскен.

Сондай-ақ көтерме жәрдемақы төлеуге 4145 өтініш қабылданды.

Бағдарламаға кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Ең бастысы, олардың қолында дипломы бар, бірқатар мамандықтар бойынша қызмет істеулері қажет. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында мемлекеттік қолдау жасалады.

Заем маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Несиенің максималды мерзімі – 15 жыл. Негізгі шарт – жобаға қатысушы өз мамандығы бойынша ауылдық жерде 3 жыл жұмыс істеуі керек.

 

  • 27.10.2023
  • 233
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика