• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Отбасы банк депозит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,1% дейін болатын жаңа тарифтік бағдарламаны іске қосты

Бүгін Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Табысты» тарифтік бағдарламасын іске қосты. Бұл Отбасы банкінде жұмыс істеп тұрған «Баспана» депозитіне балама болады.

  Жаңа депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5,5% құрайды. Жыл сайынғы 20% мемлекеттік сыйлықақыны ескере отырып (сыйлықақы 200 АЕК-тен аспайтын сомаға есептеледі) жылдық тиімді мөлшерлеме 17,1%-ға жетеді.

Жаңа депозит шеңберіндегі бұл мөлшерлеме, жинақтау кезеңі бірнеше рет ұзартылса да, өзгеріссіз қалады.

«Табысты» тарифтік бағдарламасы бойынша жинақтау мерзімі кемінде 3 жыл.

Тағы бір маңызды артықшылығы – Отбасы банк клиенттері, аталмыш депозитпен жылдық 8,5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 8,8%-дан бастап) тұрғын үй несиесін ала алады. Ол 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

– Біз клиенттеріміздің сұранысы бойынша «Табысты» тарифтік бағдарламасын іске қосып жатырмыз. Максималды табыс көруге және оны көбейтуді көздеген клиенттеріміз үшін. Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 63 пайызы Отбасы банкінде жылдық 5,5 пайыздық мөлшерлемемен ақша жинауға дайын. Олардың көпшілігі 20-дан 100 мың теңгеге дейінгі депозиттерді ай ма ай толықтыруға дайынбыз деп жауап берді. Респонденттердің 30%-ға жуығы Отбасы банкінде депозит ашудың маңызды факторы ретінде – төмен мөлшерлемемен заем алу мүмкіндігін атап өтті. 8,5% (ЖТСМ 8,8%-дан бастап) несие мөлшерлемесі тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заң талаптарына сәйкес қалыптастырылды. Онда тұрғын үй заемы бойынша жинақ пен несиелендіру арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің айырмашылығы 3 пайыздан аспауы керек делінген. Бұл біздің клиенттер үшін өте қолайлы жағдай деп есептеймін. Бүгінгі таңда депозит ашып, кірісті арттырып қана қоймай, ол арқылы тұрғын үй мәселесін де шешуге болады», - деп атап өтті «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Табысты» депозиті бойынша ең төменгі келісімшарт сомасы 6 млн теңге.

«Табысты» – болашақта тұрғын үй заемына айналатын депозит. Яғни, жетіспейтін 50% сомаға Отбасы банкінің клиенті жылдық 8,5% (ЖТСМ 8,8%-дан бастап) мөлшерлемесі бойынша ипотека ала алады. Бұл депозит бойынша аралық немесе алдын ала заем жоқ. Сондай-ақ «Табысты» салымының кәдімгі депозитке және керісінше ауысу мүмкін болмайды.

Жаңа депозит арқылы мемлекеттік бағдарламалар мен «Өз үйім» бағдарламасына қатысу мүмкін болмайды.

«Табысты» депозитін банк кеңесшілері арқылы ашуға болады. Олардың мәліметтерін банктің сайтында https://hcsbk.kz/ru/network-agents/ сілтемесі арқылы білуге ​​болады.

«Табысты» тарифтік бағдарламасы

 

 №

Негізгі шарттар

1

Тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша жинақтау кезеңі

 Кемінде 3 жыл

2

Өнім валютасы

Теңге

3

Тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 5,5% (ЖТСМ 17,1% дейін)

4

Келісімшарттың ең аз сомасы

6 000 000

5

Бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні

39

6

Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 8,5% (ЖТСМ 8,8% бастап)

7

Тұрғын үй заемының мерзімі

5 жылға дейін

8

Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтауға ұсынылатын ай сайынғы жарна

Келісім сомасының 1,10%

9

Тұрғын үй заемын өтеу бойынша ай сайынғы болжамды төлем

Келісім сомасының 1%

  • 20.11.2023
  • 215
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика