• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Отбасы банк және БҚО әкімдігі "Жайық жастары" тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

Батыс Қазақстан облысында "Жайық жастары" жастар тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бұл БҚО әкімдігі мен Отбасы банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы, оның көмегімен жас мамандар қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып ала алады. Бағдарламаны қаржыландыруға өңір әкімдігі 600 млн теңге бөлді. Заемдарды Отбасы банк беретін болады.

"Жайық жастарына" медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қалалық және республикалық мәдени ұйымдардың бейінді қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушы - оқытушылар, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ЖАО қызметкерлері қатыса алады.

Қатысушылардың жасы - 21 жастан 35 жасқа дейін (қоса алғанда).

Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерінің Орал қаласында тұрақты тіркеуі болуы тиіс.

Кредит бойынша мөлшерлеме - жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%). Қарыздың ең жоғары сомасы - 15 млн теңге. Бастапқы жарна - кемінде 10%. Қарыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Бағдарлама аясында тұрғын үйді алғашқы және екінші нарықтардан сатып алуға болады. Сондай-ақ, нысанда "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі болған жағдайда, пайдалануға берілген немесе салынып жатқан үйден пәтер сатып алуға болады.

Өтінімдерді қабылдауды және әлеуетті қатысушыларды іріктеуді БҚО Қоғамдық даму басқармасы келесі мекенжай бойынша жүргізеді: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 188 (БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ғимараты). Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 18 қаңтарында сағат 10.00 басталады.

Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған үміткерлер  өтеді. Ұпайларға некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі, кәсібі, әлеуметтік осал санаттарға жатуы және т. б. әсер етеді.

Қатысушылардың тізімі қалыптасқан кезде олардың барлығы Отбасы банкіне кредит алуға жолдама алады. Онда төлем қабілеттілігі тексерілген бағдарламаға қатысушыларына заем беріледі.

 

Анықтама: 2017 жылдан бастап Отбасы банкінде еліміз бойынша Республикалық маңызы бар 2 қалада (Астана, Алматы қалаларында) және 13 облыста (Абай облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы) - 21 жастар бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда өңірлік әкімдіктер мен Отбасы банкінің жастарды несиелендірудегі жалпы бюджеті 98 млрд теңгеден асады. Соның арқасында 5500-ден астам жас қазақстандықтар қоныс тойын атап өтті.

2024 жылы Қазақстанда жастардың тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Олардың бюджеті шамамен 50 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.

 

  • 18.01.2024
  • 313
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика