• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2 миллионнан астам қазақстандық Отбасы банкіндегі жинақ шоттарына мемлекеттік сыйлықақы алды

Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері өткен демалыс күндері өздерінің жинақ шоттарына қаражат түскенін байқады. Бұл – мемлекеттік сыйлықақы.

2024 жылдың қорытындысы бойынша өз тұрғын үйлеріне ақша жинап жүрген 2 134 279 қазақстандық Отбасы банкіндегі өз депозиттеріне мемлекеттік сыйлықақы алды.

Мемлекеттік сыйлықақыны алушының орташа жасы – 35 жас. Яғни, жас қазақстандықтар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенеді және өздерінің тұрғын үй мәселесін шешу үшін осы құралды таңдайды деген сөз.

Бұл ретте Отбасы банкінің әрбір төртінші салымшысы 147 680 теңге мөлшерінде ең жоғары сыйлықақы алды.

Мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйлықақысы 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомасына есептеледі. 2024 жылы 1 АЕК - 3 692 теңгеге тең болды. Бұл сыйлықақы алуға жарамды ең жоғары сома 738 400 теңгені құрағанын білдіреді.

Заңға сәйкес, сыйлықақы төлеуді мемлекет қамтамасыз етеді. Осылайша ол өз азаматтарына тезірек ақша жинап, қолжетімді шарттармен баспана мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Мемлекеттік сыйлықақы – бұрын үстіне аталмыш сыйлықақы қосылмаған жинақтарға ғана аударылады. Яғни, ағымдағы жылы жинақталған қаражат пен өткен жылы сыйлақақы қосылмаған жинақтардың қалдығы есепке алынады. Егер өткен жылы депозитте жинақталған сома 200 АЕК-тен асып кетсе, онда сыйлақақысыз қалған айырма сома ағымдағы жылы мемлекеттік сыйлықақыны есептеу үшін ескерілетін болады.

Егер бір салымшының банкте бірнеше салымы болса, онда мемлекеттік сыйлықақы олардың біреуіне ғана есептеледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары мемлекеттік сыйлықақы көлемі 157 280 теңгеге тең болады. Оған қол жеткізу үшін Отбасы банкіндегі шотқа кемінде 786 400 теңге (200 АЕК) жинақтау қажет. Ол үшін салымшылар ай сайын өз депозиттерін шамамен 65 533 теңгеге толықтырып отырулары тиіс.

Мемлекеттік сыйлықақы мен банк сыйақысын қосқанда, Отбасы банк депозиттерінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14%-ға жетеді.

 

  • 03.03.2025
  • 71
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика