• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
"Наурыз жұмыскер" бағыты басталған алғашқы екі сағатта 5,5 млрд теңге сомасына 192 өтінім сәтті қабылданды

Несиелік өтінімі бірден мақұлдаған "Наурыз жұмыскер" бағытының алғашқы қатысушысы – 26 жастағы ШҚО тұрғыны Нұржан Орақбай болды. Ол «Казцинк» ірі металлургиялық компанияның мыс балқыту цехында шебер болып жұмыс істейді. Жарты жыл бұрын отау құрған Нұржан осыған дейін отбасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып келген. Енді "Наурыз жұмыскер" қатысушысы өзіне ұнамды тұрғын үй таңдап, заем рәсімдеуге кірісе алады.

"Наурыз жұмыскер" байқауының тағы бір қатысушысы - “Hyundai Trans Kazakhstan" автозауытының жинақтаушысы Әлішер Жарқынбек. 22 жастағы Алматы қаласының тұрғыны биыл ЖОО-ны тәмәмдайды. Енді жас маманның кәсібі мен жұмысынан басқа өз баспанасы болады.

 "Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдаудың алғашқы екі сағатында Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) 5,5 млрд теңге сомасына 192 өтінімді сәтті қабылдады.

 Мамандықтар бойынша электромонтерлер, инженерлер, учаске шеберлері, слесарлар басым.

Әдетте, олар электр энергиясын тасымалдау, құрылыс, кен өндіру, мұнай өңдеу өнімдерін өндірумен айналысатын ірі кәсіпорындарда жұмыс істейді.

"Наурыз жұмыскер" қатысушыларының орташа жасы - 30 жас, ал өтінімдері қабылданған 192 үміткердің 18% әйелдер. Қатысушылар сұратқан заемның орташа сомасы - 29 млн теңге.

Қатысушыларға баспана іздеуге алты ай уақыт беріледі. Өңірлер үшін ең жоғары қарыз сомасы 30 млн теңгені, Астана мен Алматы үшін - 36 млн теңгені құрайды.

Мегаполистер мен облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Бұл ретте "Баспана маркет" порталында (otbasybank.kz) қолайлы тұрғын үй кешені мен пәтерді таңдауға мүмкіндік бар. Қайталама тұрғын үйді моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде сатып алуға болады.

"Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау бөлінген қаржыландыру лимиті аяқталған сәтке дейін жалғасатын болады. 2025 жылы жаңа бағытты іске асыруға Отбасы банк 72 млрд теңге бөліп отыр, бұл 2 440 жұмысшы кәсіптерінің өкілдеріне қолжетімді қарыз алуға көмектеседі.

 

"Наурыз жұмыскер" бағытының шарттары қандай?

Несие мөлшерлемесі – әлеуметтік осал топтар үшін жылдық 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және барлық басқа санаттар үшін жылдық 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін).

Бастапқы жарна - таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде 10% -дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үй немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй (моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде) сатып алу кезінде 20%-дан бастап.

 

"Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша үміткерлерге қандай талаптар қойылады?

"Наурыз жұмыскер" шарттары "Наурыз" бағдарламасымен бірдей. Сондықтан үміткерлер өтінім берген кезде келесі талаптарға сай болуы керек:

1. Отбасы банкінде депозитке ие болу. Депозит мерзімі маңызды емес, оны өтініш берер алдында ашуға болады.

2. Отбасы банкіндегі жинақ шотында кемінде 2 млн теңге болуы керек. Соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында бір реттік төлеммен салуға болады;

3. Соңғы 5 жыл ішінде өтініш берушінің өзі мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы. Отбасы мүшелеріне - күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер адам үйленбесе, онда тұрғын үйдің жоқтығы тек онымен тексеріледі.

4. Соңғы 6 айда ресми табысы болуы керек. Бұл ретте анықтама берілген жұмыс орнынан аударылған, кемінде соңғы үш айдағы міндетті зейнетақы жарналары болуы тиіс.

 

 

  • 18.03.2025
  • 42
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика