- Блогтар
- Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы
IFC Отбасы банкіне ипотекалық нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін капитал тартуға көмектеседі
2025 жылдың 30 мамырында Астана халықаралық форумы шеңберінде Дүниежүзілік банк тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы – "Отбасы банк" АҚ арасында Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхының қатысуымен кеңес беру қызметтерін көрсету туралы келісімге қол қойылды.
Қол қою рәсіміне Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мен Түркия және Орталық Азия бойынша IFC директоры Вибке Шлёмер қатысты.
IFC банктің орта мерзімді даму стратегиясын іске асырудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді. Ол операциялық модельді күшейту және жетілдіру үшін, оның ішінде мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділікті төмендету мақсатында сыртқы капиталды тарту тәсілдерін қамтитын болады. Сондай-ақ, жұмыс жоспарына жаңа қаржы өнімдерін әзірлеу және банктің қаржы нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейту тетіктері кіреді.
IFC – жұмысы дамушы елдердегі жеке секторға бағытталған ірі жаһандық даму институты. Ол қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру, тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру және қаржылық инклюзияны дамыту мақсатында бүкіл әлемдегі қаржы институттарымен белсенді жұмыс істейді. IFC консультациялық бағдарламаларына қаржы институттарына корпоративтік басқару тәжірибесін, несиелік тәуекелдерді бағалау процедураларын жетілдіруге және инновациялық қаржылық өнімдер мен қызметтерді әзірлеуге көмектесу кіреді.
- IFC-мен келісімге қол қою – біздің стратегиялық трансформациямыздағы маңызды қадам. Біз тұрғын үйді несиелеу саласында көшбасшы болып қана қоймай, нарықтағы сенім мен тұрақтылықтың жаңа деңгейін орнатқымыз келеді. Қазір банк қаржылық көрсеткіштердің өсуін көрсетіп отыр. Мысалы, таза пайда 2020 жылы 31,7 млрд теңгеден 2024 жылы 120,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Банктің активтері де екі жарым есеге - 2020 жылдың аяғындағы 1,7 трлн теңгеден 2024 жылдың аяғындағы 4,2 трлн теңгеге дейін өсті. Біз 592 293 отбасына қоныс тойын тойлауға көмектескенімізді мақтан тұтамыз. Жеке тұрғын үй сатып алудың әрбір тарихы біздің азаматтарымызды олардың тұрғын үй мәселесін шешуде қалай қолдайтынымыздың дәлелі болып табылады. IFC-мен ынтымақтастық біздің алдымызда жаңа көкжиектер ашады. Біз инновацияларды енгізуді, қызметтер спектрін кеңейтуді және тиімділікті арттыруды жоспарлап отырмыз, осылайша азаматтар өз үйлері туралы өз армандарын жүзеге асыра алады, - деп атап өтті Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Отбасы банк жуырда үш миллионыншы депозиттің ашылғанын атап өтті. Бұл Банкке және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенетін қазақстандықтардың шоттары. Бұл олар үшін – баспана алудың қол жетімді тәсілі. 2025 жылдың 5 айында депозиттер бойынша түсімдер 454,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,5%-ға көп. Банк клиенттері өздерінің үнемділігінің арқасында жинақ шоттарында 2,4 трлн теңге қаражат жинады. Қазір еліміздің әрбір үшінші экономикалық белсенді тұрғыны Отбасы банкіндегі депозитке қаражат жинайды.
Өз қаражатын Отбасы банкіне үнемдей отырып, қазақстандықтар кейіннен жылдық 3,5% - дан (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) жылдық 8,5% - ға дейін (ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін) қолжетімді пайыздық мөлшерлемелер бойынша тұрғын үй заемдарын алуға үміткер бола алады.
Жыл басынан бері банк 26 331 қазақстандыққа тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Қарыздар 534,8 млрд теңге сомасына берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,3%-ға жоғары.
- 02.06.2025
- 34