- Блогтар
- Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы
Отбасы банк пен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі «Жайық жастары» бағдарламасы аясында жастарды қолдау үшін 3,5 миллиард теңге бөлді
Аймақтық бағдарлама Батыс Қазақстан облысының 106 жас тұрғынына жаңа пәтер беруге мүмкіндік жасады. «Жайық жастары» бағдарламасы арқасында әлеуметтік маңызды мамандық иелері – дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері, спортшылар, жаттықтырушылар, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, құқық қорғау органдары қызметкерлері, құтқарушылар, журналистер және «Қазпошта» АҚ қызметкерлері – өз пәтерлерінің иелері болды.
Оларға несие беру үшін облыс әкімдігі бұрын 1,8 миллиард теңге бөлген. «Отбасы банк» қолжетімді несиелерді берді. «Жайық жастары» бағдарламасы бойынша несиенің жылдық мөлшерлемесі 5% (жылдық шығыны 5,2%-дан 5,7%-ға дейін). Несиеге максималды сома – 18 миллион теңге. Бастапқы жарна – тек 10%. Несие мерзімі – 19 жылға дейін.
– Жастарды, әсіресе қоғамға қызмет ететіндерді қолдау біз үшін өте маңызды. Бұл адамдар – дәрігерлер, мұғалімдер, қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндер, мәдениетті сақтаушылар және инфрақұрылымды қолдаушылар – өңірдің тұрақтылығының негізін құрайды. «Жайық жастары» бағдарламасын жалғастыру үшін облыс әкімдігі «Отбасы банкпен» бірлесе отырып қосымша 1,6 миллиард теңге бөлді. Сондықтан жақын арада облыстың тағы 90-дан астам жас тұрғыны жаңа пәтерлерін ала алатынын қуана хабарлаймыз, – деді «Отбасы банк» Батыс Қазақстан филиалының директоры Нұржан Қалишанов.
«Жайық жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдер gr.gov.kz порталында қазанның 20 сынан 31-не дейін қабылданады. Бағдарламаға қатысушылардың жасы – 35 жасқа дейін (қоса алғанда). Қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері Батыс Қазақстан облысында тұрақты тіркеуде болуы керек.
Сонымен қатар, соңғы жылы міндетті зейнетақы аударымымен ресми еңбек өтілі болуы қажет. Кандидаттың және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы шарт. Дегенмен, кандидат немесе оның отбасы мүшелерінің меншігінде жер учаскесі, жатақхана немесе саяжайының болуы бағдарламаның қатысуына кедергі емес.
Бағдарлама аясында тұрғын үйді бірінші немесе екінші нарықтан сатып алуға болады. Сондай-ақ пәтерді пайдалануға берілген немесе құрылыс үстіндегі үйден де алуға болады, егер объект «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілсе.
Жеңілдікті несиеге кандидаттар тізіміне ең көп ұпай жинағандар кіреді. Ұпай санына некеде өткізілген жылдар, балалардың болуы, әлеуметтік осал топтарға жатуы, Отбасы банктегі жинақтары және басқа факторлар әсер етеді.
Қатысушылар тізімі қалыптасқан соң, барлығы «Отбасы банкке» несиеге бағыттама алады. Банкте олардың төлем қабілеттілігі тексеріліп, несие беріледі.
- 14.10.2025
- 14