• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Цифрлық құжаттарды Отбасы банк бөлімшелерінде қолдануға болады

EGov mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисінің арқасында «Отбасы банк» АҚ  клиенттері енді қызметтерді  жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық аналогы бойынша ала алады. 

Цифрлық құжат жеке куәлік түпнұсқасының аналогы болып табылады.

«Цифрлық құжаттарды қазірдің өзінде бүкіл ел бойынша көптеген салаларда қолдануға болады, бірақ компаниялар өз клиенттеріне қызметтерді пайдалануға ыңғайлы болуы үшін интеграциялар жүргізіп, тиісті жабдықтар сатып алуы маңызды. Отбасы банк өз клиенті үшін уақытты үнемдеудің маңыздылығын түсіне отырып, олардың клиенті қажетті документтерді рәсімдеу кезінде смартфоннан цифрлық құжаттарды пайдалана алуы үшін қажетті цифрлық интеграциядарды жүзеге асырды. Біз азаматтар үшін де, бизнес үшін де көптеген процестерді жақсарта және оңтайлата отырып, болашақты құрудың бастауында тұрғанымызға қуаныштымыз»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Отбасы банк клиенттері салым ашу кезінде цифрлық жеке куәлік пен цифрлық туу туралы куәлік сияқты цифрлық құжаттарды пайдалана алады. Жақын арада цифрлық жеке куәлікті кредиттік, кредиттен кейінгі және депозиттен кейінгі операцияларда да пайдалануға болады.

«Қазіргі уақытта банкте баспана алу үшін 2 миллионнан астам салымшы қаражат жинақтап жатыр. Тек осы жылы ғана 480 мың адам жаңа депозит ашты. Ыңғайлы сервистерді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дағы әріптестермен бірлесіп, біздің бөлімшелерімізге өтініш білдіргендер үшін дамытамыз. Енді олар сандық жеке куәлікті қолдана алады. Мысалы, егер біздің клиент үйінде құжатты ұмытып кетсе, бұл опция өте ыңғайлы. Біз ол клиентке қызмет көрсетеміз»,- деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Осы процесс іске қосылған сәттен бастап 1200 - ден астам адам цифрлық құжаттарды пайдалана отырып, электрондық үкіметтің eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы «Отбасы банк» АҚ қызметтерін пайдаланды.

Жаңа қызметті қолдану үшін:

         - eGov mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өтіңіз;

- «Сервистер» бөлімінен «Цифрлық құжаттарды» таңдаңыз;

- керек құжатты таңдаңыз;

- «Құжаттарды қолжетімді ету» батырмасын басыңыз;

- банк менеджеріне смартфон экранында көрсетілген алты таңбалы қысқа кодты хабарлаңыз. Код автоматты түрде жасалады және ешқашан қайталанбайды.

Банк менеджері өзінің деректер базасына бірегей қысқа кодты енгізеді және жүйе клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты автоматты түрде жүктейді.

Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардан түскен алаяқтықтың алдын алады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан тұрады, олардың ішінде ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік.

Бүгінгі таңда цифрлық құжаттарды Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Түркістан, Тараз қалаларының әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалында вагонға отырғызу кезінде, сонымен қатар банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.

Цифрлық құжаттарды пайдалану ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Отбасы банк» АҚ ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында жүзеге асты.

  • 23.11.2021
  • 287
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика