• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Соңғы үш күнде БЗТ қолдануға enpf-otbasy.кz платформасы арқылы 46 мың өтініш жолданды

Бүгінгі күні enpf-otbasy.кz платформасының 43 744 қолданушысы өз өтініштері бойынша БЖЗҚ-нан Отбасы банктегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арнайы шоттарына жалпы көлемі 242 млрд теңге қаражаттың түсуін тосып отыр. Жұма күні, 3 желтоқсанның өзінде, біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш келіп түсті. Бұл жыл басынан бері БЗТ-ін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу мақсаттарына алу мүмкіндігі туындаған уақыттан бастап, жолданған өтініштер көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш.      

Қалыпты күндері платформа арқылы 2 200 жуық өтініш қабылданады.

Қазақстандықтар тұрғын үйді толық сатып алу, ЕДБ-дегі және Отбасы банкіндегі ипотеканы ішінара төлеу мақсаттарын жиі таңдауда. Сондай-ақ зейнетақы қаражатының бір бөлігін туысқандарына аудару қызметі сұранысқа ие. 

Enpf-otbasy.кz платформасына артқан сұранысқа қарамастан, портал жұмысы еш кідіріссіз, штаттық режимде қызмет етуде. Желтоқсан айының соңына дейін оның көмегімен әр жас бойынша 2021 жылғы белгіленген жеткіліктілік шегі көрсеткіштері бойынша БЗТ-ін қолдануға болады. Қордағы қаражат Отбасы банкіндегі арнайы ағымдағы шотқа аударылғаннан кейін, оларды қолдануға 45 жұмыс күні беріледі. Осы уақыт аралығында БЗТ қолдану мақсатын таңдап/растап немесе өзгертіп үлгеруге болады.

БЗТ қазақстандықтар «Отбасы Банкіндегі» заем бойынша қарызын төлеуге (ішінара немесе толық), ипотекалық заем бойынша берешегін өтеуге, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық), ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алуға (толық өтеу), тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын  алуға, ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төлеуге (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде), сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеуге, жеке тұрғын үй салуға (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) және емделу ақысын төлеуге қолдануға болады.

2021 жылдың 3 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша, бұл мүмкіндікті 338 499 адам (жалпы көлемі 1,68 трлн теңге) қолданып үлгерді. Олардың дені ипотекаға жүгінбей тұрғын үй алған (171 598 адам). Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша Нұр-Сұлтан, Маңғыстау облысы мен Алматы көш бастап тұр. Ал Солтүстік-Қазақстан облысының тұрғындары аса белсенділік танытпаған.

БЗТ-ін «Отбасы банкінде» ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қазақстандықтардың 83% екінші нарықтан тұрғын үй таңдасаған. Қалған 17% алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген.

51 884 қазақстандық (жалпы көлемі 51,9 млрд теңге) зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін емделуге жұмсаған.

БЗТ қолданған азаматтарымыздың орта жасы – 41. Гендер бойынша 68% ер кісілер.

338 499 қазақстандықтың 40% өздерінің тұрғын үй жағдайларын туыстары зейнетақы қорындағы жинақтарын толық немесе ішінара табыстағанының арқасында жақсарта алған.

Қазіргі уақытта Отбасы банк қызметкерлері «ТҚЖ салымдарын БЗТ есебінен толықтыру» мүмкіндігін іске асыру бойынша жұмыс атқаруда. Аталмыш қызмет мемлекеттік органдар Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережелеріне енгізілген өзгерістер бекітілген уақыттан бастап қолжетімді болады.

  • 06.12.2021
  • 322
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика