• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Отбасы банк жалдау ақысын субсидиялау өтініштерін Baspana market порталында қабылдайды

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қазақстандықтардың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялауға қатысты онлайн өтінімдерін қабылдау үшін платформаның функционалдығын пысықтауда. Жұмыс барысын автоматтандыру үшін банк 6 мемлекеттік органның 16 дерекқорымен интеграция жасауы қажет. Сондықтан баспананы жалға алу ақысын субсидиялау бағдарламасы 2022 жылдың мамыр айынан бастап іске қосылады.

Көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жалдау ақысын субсидиялауға өтініш тапсыра алады. Алайда үміткерлер тұрғын үй алу кезегінде тұрулары қажет.

Олардың әрбір отбасы мүшесіне шаққанда соңғы 6 айдағы жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспауы тиіс (2022 ж. 1 КМ – 36 018 теңге).

 Мұндай отбасыларға көмек ретінде бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа мемлекет 70 мың қазақстандықтың баспананы жалға алу құнының жартысын субсидиялайды.

– Бұл тізімдегілердің дені, 51 мыңға жуығы, көп балалы отбасылар. Тағы 10 мыңы - 1 және 2 топтағы мүгедек жандар, 7 мыңы - мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасылар, 2 мыңы - жетім балалар. Енді бұл азаматтар үшін баспана мәселесі аса өткір болмайды. Олар аталмыш бағдарлама арқылы отбасылық бюджетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік алады. Үнемделген қаражатты тұрмысты жақсартуға бағыттауға болады немесе жеңілдетілген несие беру бағдарламаларына қатысу үшін қаражат жинақтауға да мүмкіндік бар, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бағдарламаға қатысатын азаматтардың тізімін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қалыптастырады. Оны алғаннан кейін Отбасы Банк аталмыш бағыттың операторы ретінде жалдау ақысын субсидиялау мүмкіндігі туралы тізімдегі азаматтарды хабарландырады. Ізінше үміткер банк филиалына келмей-ақ, Baspana market платформасы арқылы онлайн өтініш бере алады.

Ол үшін қазақстандықтардың ЭЦҚ кілті болуы қажет. Өтініш берушінің кірісі платформада тексерілгеннен кейін ол өзіне қолайлы баспана тауып, оны жалға алу шартына онлайн қол қойып, тіркейді. Содан кейін ағымдағы шот ашып, жалға алу құнының 50 пайызын сол жерге аударады. Банк өз тарапынан қалған 50 пайызын аударып, жалға алушының төлем тәртібін одан әрі қадағалайды.

Үміткердің жалдау ақысын субсидиялауға онлайн өтініш беру мүмкіндігі болмаса, ол бұл жұмысты Отбасы банкінің бөлімшесінде өз-өзіне қызмет көрсету аймағында іске асыра алады.

  • 01.02.2022
  • 274
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика