• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының жаңа шарттары туралы айтып берді

Әйелдерге арналған бағдарламаның талаптары өзгерді. Енді «Ұмай» табысы жоғары қыз-келіншектерге де қолжетімді. Іскер әйелдер үшін ортақ отбасылық табыс шегі 320 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін көтерілді.

Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, ол 15%-дық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 630 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20%-дық алғашқы жарнамен алуға болады.

Бағдарлама бойынша берілетін заемның ең жоғарғы құны 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме 13,5% (ЖТСМ - 14,5%-дан бастап) тең, кейіннен 5%-ға дейін (ЖТСМ - 5,2%-дан бастап) төмендетіледі.

«Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады. Сондай-ақ «Ұмай» бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз алуға болады.

Гендерлік теңдікті жетілдіруге негізделген әйелдер бағдарламасы – Отбасы банк пен Азия даму банкінің бірлескен жобасы. Оны іске асыруға АДБ 38 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді көздеп отыр. 2021 жылы «Ұмай» бағдарламасы басталған кезде, бірінші транш аясында, жалпы көлемі 8,4 млрд теңгеге 954 қазақстандық қыз-келіншек қарыз алды. Аталмыш өнімге деген сұраныс әсіресе Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының тұрғындары арасында көбірек болатын.

Аударылатын екінші транш көлемі – 14 млрд теңгеге тең болмақ. Биыл несие алу туралы өтініштер наурыз айының ортасынан қабылданатын болады. Бұл туралы Отбасы банк клиенттеріне қосымша хабарлайды. Осы жылы АДБ қарыз қаражатын жоғары мөлшерлеме бойынша орналастыратындықтан, қарыз алушылар үшін ол жылдық 13,5%-ға дейін ұлғайтылды.

«Ұмай» бағдарламасы – бірінші тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарлама емес. Ол тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе балаларына жылжымайтын мүлік сатып алу мақсатымен, екінші немесе үшінші тұрғын үй сатып алуды көздеп отырған, кірісі жоғары әйелдерге арналған.

Еліміздің көптеген қыз-келіншектері Отбасы банкінен алғашқы жарнасы төмен, балабақша, мектеп, жұмысқа жақын болатын жерден, яғни екінші нарықтан тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін бағдарлама шығаруды сұрағандықтан, «Ұмай» бағдарламасы пайда болды.

Бүгінгі таңда  Отбасы банкінің несиелік портфеліндегі әйелдердің үлесі қарыз алушы ерлермен салыстырғанда жоғары. Мәселен, қарыздар саны бойынша әйелдердің үлесі – 57% болса, несие сомасы мен берешек қалдығы бойынша – 53% тең. Соңғы 5 жыл ішінде әйелдер Отбасы банкінен кредитті ерлерге қарағанда белсендірек алуда, олардың кредиттік портфельдегі үлесі өзгеріссіз 55-57% деңгейінде.

  • 28.02.2022
  • 386
Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

Ибрагимова Л.Е.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика