- Блогтар
- Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы
Отбасы банк клиенттері балаларының депозиттері бойынша 4,6 млрд теңгеге дейін өтемақы ала алады
Отбасы банкіндегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) депозиттердің 10% - 18 жасқа толмаған салымшылардың атына ашылған. Қызметтің бұл түрін (2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша) 214 мыңнан астам ата-ана өз балаларына шот ашу арқылы пайдаланған. Қазіргі уақытта бұл депозиттерде жалпы көлемі 46 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталған. Балалар депозитінде сақтаулы ең жоғары сома 11 млн теңгеге тең. Бұл оның иесі өз салымына 1,1 млн теңге өтемақы ала алады деген сөз.
Балаларының салымдары бойынша мемлекеттен 10% көлемінде өтемақы алу үшін ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері Отбаса банк кеңесшілеріне хабарласуы қажет. Ол үшін жақын жердегі кеңес беру орталығына бару қажет немесе үйге кеңесші шақыру керек. Банк кеңесшілері туралы мәліметті https://hcsbk.kz/ru/network-agents/ сайтынан табуға болады.
14 жасқа толған банк салымшылары өтемақы алу туралы өтінішті өздері бере алады, бірақ ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен.
Небәрі 1,5 айдың ішінде 548 433 салымшы Отбасы банкіне депозиттері бойынша өтемақы алуға өтініш берген, оның ішінде 16 мыңнан астамы балалар салымдары бойынша.
10% көлеміндегі өтемақы – өтініш беру арқылы төлемге келісімін берген салымшыларға ғана төленеді. Өтініштер 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қабылданады. Кәмелеттік жасқа толған салымшылар өз өтініштерін www.otbasybank.kz мекенжайы бойынша «Баспана маркет» жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинеттерінде немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасында жолдай алады.
10% көлеміндегі өтемақы есептелетін ең жоғары сома 20 млн теңгеге тең. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттердің жалпы сомасы. 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша депозиттері бар Отбаса банк салымшылары жинақтары үшін өтемақы алады. Ол өтемақы есептелетін уақытқа дейін депозиттерін сақтаған салымшыларға төленеді.
Бөлу арқылы депозиттен ішінара ақша шешілген болса, онда өтемақы жинақталған салымның ең төменгі қалдық мөлшеріне ғына есептеледі. Сондай-ақ, 2022 жылдың 23 ақпанынан кейін салымға қосымша толықтырылған қаражат есепке алынбайды.
Егер банк салымшысында аралық және алдын ала заемдар бойынша, оның ішінде үшінші тұлғалардың оларға берілген тұрғын үй заемдары бойынша міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету ретінде берілген салымы болса, онда оларға да тиісті өтемақы беріледі.
Жақын туыстарына (тегін) тағайындалған, сондай-ақ біріктірілген депозиттер де өтемақы ала алады.
Өтемақы төленбейтін жағдайлар:
- депозит жабылса;
- депозит кепіл ретінде болған, ізінше несие салымның тоқтатылуымен толық өтелген жағдайда;
- депозит бойынша тұрғын үй заемына көшкен, оның ішінде автоматты түрде көшкен салымдар бойынша (2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі кезеңде (қоса алғанда));
- онлайн табыстау арқылы (ақылы) сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.
Салымшыларға өтемақы 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін Отбасы банкіне қаражат түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде депозиттеріне аударылады. Өтемақы алу үшін бөлек шот ашудың қажеті жоқ.
Егер банк клиентінің жалпы сомасы 20 млн теңгеден асатын бірнеше депозиті болса, онда өтемақы депозиттерге пропорционалды, бірақ белгіленген өтемақы сомасынан аспайтын мөлшерде есептеледі.
- 15.11.2022
- 249