Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 17
- 26286
- 17.05.2011
- 19.05.2011
Сарсенов Аблай 18.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Мен Қарабатандағы және Қашаған жобасында жұмыс жасап жатырған шетелдік компаниялар Индия, Иордания, Ливан және т.б. елдерден қарапайым жұмысшы мамандарын (бригадир по трубомонтажу, электрик, крановщиктер, администратор, отдел кадр, механик) алып келіп жұмыс жасауда. Оларға неге жұмыс жасауға рұқсат беріледі, осы мамандар Атыраудан да табылмай ма, неге бақылау жүргізілмейді?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)артем Макеев 18.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Я с большой надеждой смотрю на будущее-когда город Атырау превратиться в зеленый оазис, красивый город. Какие работы ведутся в этом направлении?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Мухамбетов Адилет 18.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Соңғы жылдары Жайық өзені тасымай, оның салдарынан орман-тоғайлар қурап, шабындық алқаптар құрып кету қаупі төніп отыр. Облыс әкімдігі тарапынан оның сулылығын арттыруға бағышталған қандай шаралар алынып жатыр.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Нуреденов Азамат 18.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Жуырда облыстық газеттен көгалдандыру жөніндегі көлемді мақалаңызды оқыдым. Қуаныштымыз: «Жасыл желек» жобасы - облыс өміріне соны жаңалық болатын, өте керемет идея екен. «Орман - ел дәулеті, жер сәулеті» деген бекер емес. Жаңа жоба радиациялық, өндірістік, транспорттық ластану аймақтарының бірінен саналатын біздің облысымыз үшін үлкен пайдасы бар жоба болғалы тұр. Сүйікті қаламызға сән беретін, ауаны зиянды заттардан тазартып, түрлі дерттердің азаюына септігін ти¬гізетін бір келелі іс боларына сенім мол. Қолдаймыз. Осы мәселеге, әсіресе, ірі компаниялар үн қосса, нұр үстіне нұр. Өсімдік - жер шарының өкпесі, екіншіден, қоршаған ортаның көркі. Табиғатты қорғау шараларының бір парасы – бұл жоба іске асса, Атырау қаласы жасыл-желекке оранып, сұлу қалаға айналар еді. Ісіңіздің әрдайым оңынан, сәтті болуына тілекшімін!
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Губайдуллина Канагат 18.05.2011 Сұрақ нөмірі:
Менің психоневрологиялық аурумен ауыратын балам бар. Өзім жұмыстамын, күндіз ауру баланы тастайтын жерім жоқ. Осы науқаспен ауыратын балаларды кешке дейін қалдыратын арнаулы медициналық мекеме бар ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)