Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтың қатысуымен өткен Интернет – конференция
Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтің қатысуымен өткен Интернет – конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 13283
- 23.06.2011
- 24.06.2011
Нурмаханова Асель 23.06.2011 Сұрақ нөмірі:
Облыста канша инвестициялық жоба іске асырылады?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Нуршина Гульназира 23.06.2011 Сұрақ нөмірі:
Мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру бағытында қандай шаралар қолданылуда?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Балыкбаев Оспан 23.06.2011 Сұрақ нөмірі:
ҚҰРМЕТТІ ҚАНАТ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ !
Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылы, Тараз қаласының іргесінде орналасқан. 3800 халқы, 825 отбасы бар ауыл. 624 орынды 1 орта мектеп, 90 орынды «Балауса» балабақша, дәрігерлік амбулатория, поштамыз бар. Ауыл тұрғындары алма бағын өсірумен айналысады. Жылына 1500 тонна алма көкініс жинап, қала тұрғындарымен қатар, еліміздің бас қаласы Астана, Қарағанды қалаларын қамтамасыз етуде.
Ақбұлым ауылының тұрғындарының атынан, ауыл ішінен дренаждық Төрегелді каналы ағып жатыр. Осы каналдан Байзақ ауданының 17 шаруа қожалығы сумен қамтамасыз етіліп келеді. Жамбыл ауданы жағы екі жылда бір рет тазалап тұрады, ал Байзақ ауданы жағы мүлдем тазаланбай келеді. Соның салдарынан біздің 12 га суармалы жеріміз жарамсыз болып отыр және темір жолға да қауып төніп тұр. Осындай суға тапшы кезде, сол каналдан су алатын Байзақ ауданы шаруа қожалықтары зиян шегуде. Бұл зиян канал бойында орналасқан үйлерге де, басты көшелерге де қауіп тудырып тұр, ал Органов Қани көшесінің тұрғындары тұрып жатқан үйлер су астында қалды. Тұрып жатқан үйлерді бір жағынан алма бағынан артылған су басса, екінші жағынан дренаждан келген су басады.Төрегелді каналына келіп құятын дренаждың суын Байзақ ауданына қарасты станция Талас тұрғындары өз еріктерімен бөгет жасап, Төрегелді каналының жоғары жағынан суармалы арық жасап алған, сол себептен жоғарыда ағып жатқан арық суы, төмендегі тұрып жатқан тұрғындардың үйлерін, жерлерін су басып, әбігерге түсіруде. Дренажды байлаған бөгет бірнеше
...
Толығырақ
Бегманов Сейтбек 23.06.2011 Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қанат Алдабергенұлы!
Сарысу ауданының еңбеккерлері Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, егін және мал шарушылығын дамытуда қажырлы еңбек етіп, «Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын іске асыруға арналған «Сыбаға» бағдарламасының талаптарына сай жұмыс атқаруда.
Сіздің ықпалыңызбен Сарысу ауданына Ақкөл көлінен “Таразсушар” РМК-ы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясы ауданға барлығы 30 млн м3 су жіберетін болып, 2011 жылдың 1 маусымнан бастап Ақкөл көлінен Аса өзенінің арнасымен 8 м3/с көлемінде су босатылды. Бүгінгі күнге жіберілген 15 млн м3 су Талас ауданы, Үшарал ауылының тұсындағы көпірден өтіп Сарысу ауданының аумағына енді жетті. Судың жүрісі өте баяу, осы қалыпта ағатын болса межелі, қажетті жерлерге толық жетпейтіні сөзсіз. Ауданға Аса өзенімен 1992 жылы және 2005 жылы су жіберілген, ол жылдары да су аз босатылғандықтан, аяғына дейін жетпеген болатын. Су келмегендіктен экологиялық тепе-теңдік сақталмай, жер тозып, сорға айналып барады. Құрғақшылыққа байланысты Сарысу ауданы Қырым қанды безгегі ауруының ошағына айналды. Кенелердің белсенділігі әлі де азаймай отыр. Қазіргі уақытта 53 адамды кене шаққаны жөнінде тіркелді, олар жергілікті атқарушы органдар мен дәрігерлердің бақылауында.
Құрметті Қанат Алдабергенұлы! Бүгінде Ақкөл көлінде 150 млн м3 су жиналып тұр, Аса өзенінің арнасымен 80 млн м3 су жіберуге толық мүмкіндік бар.
Сарысу ауданы үшін проблема болып отырған суға байлан
...
Толығырақ