Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 117840
- 26.10.2011
- 26.10.2011
Әділбек 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Мен екінші топ мүгедегімін. Өзім Құрманғазы ауданының елді мекенінде тұрамын. Сізден сұрайын дегенім: Атырау облысында мүгедектер үшін денсаулықтарын оңалту орталығы бар ма, болса қай жерде орналасқан?
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Серик 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Қызылқоға ауданынан хабарласып тұрмын. «Қант диабетімен» ауыратын науқас баламды Астана қаласына «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» апарып емдеткім келеді, оған жолдаманы қайдан алу керек?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Аслан 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Жеке үй құрылысы үшін жер учаскесін алған адам 2 жыл ішінде жерді мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда жер учаскесін меншік иесінен мәжбүрлеп алып қою жүзеге асады деген шын ба?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Жалгас 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Оралмандарға жер учаскесін беру қалай жүзеге асады?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Марта 26.10.2011 Сұрақ нөмірі:
Мен бұрын жедел жәрдем бекетінде жұмыс істедім, Бесікті ауылында тұрамын. Ауырып жедел жәрдем шақыртып едік, 2 сағаттан соң келді. Неге кешіккенін сұрасақ, автокөлік аз деп жауап береді. Жедел жәрдем жұмысы қашан жолға қойылады?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)