Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 32607
  • 09.04.2012
  • 09.04.2012

Шарапов Дастан Бақбергенұлы 09.04.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті облыс әкімі! Созақ ауданы қысы қатты аудан. Менің айтпағым жыл сайын қыс мезгілінде Бәйдібек ауданының Алғабас аулынан Созақ ауданының шекарасына дейінгі жер, Бәйдібек ауданының коммуналдық мекемесі тарапынан тазаланбауы себепті жол жабылып, аудан азаматтары Тараз қаласы арқылы Шымқалаға қатынауда. Себебі Бәйдібек ауданының Алгабас ауылынан біздің ауданға дейінгі жерді тазалауға Бәйдібектіктер мүдделі емес, ол жолмен негізінен тек біздің ауданға қатынайтын көлік құралдары ғана жүреді. Сондықтан менің ұсынысым сол жол бөлігін (жерлерін айтып тұрғаным жоқ) жалпақ тілмен айтқанда трассаны Созақ ауданының балансына өткізссе. Себебі біздің аудан ол жолдың қашанда ашық болғанына мүдделі. Тиісінше сол жолға облыстан бөлінетін (бөлінсе егер) қаржыны аудандық бюджетке аударса. Рахмет.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Ахметов С.Е. 09.04.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Добрый день! В прошлом году у нас проходил масштабный ремонт теплосети по ул. Калдаякова – ул. Кремлевская, разворотили полностью все тротуары - кое как присыпали землей, даже не утрамбовав. И теперь тротуаров нет - только грязь и ухабы. Собираются ли делать ремонт тротуаров?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Шаймерденов Талғат 09.04.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Асқар Исабекұлы!!! Облыста сіздің басшылығыңызбен Елбасының үстіміздегі жылғы дәстүрлі жолдауы жоғары деңгейде насихатталып және іске асып жатқандығының куәсі болып жүрміз. Жолдауда Н.Ә.Назарбаев Шымкент қаласын болашағы зор қалалардың қатарына жатқызғаны өзіңізге белгілі.Қаламызда Тельман атындағы мөлтек аудан бар. Біріншіден: Сол мөлтек ауданға қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілсе деген тілегіміз бар.Кешегі Кеңес заманындағы қызыл империяның идеологиялық қалдығынан арылатын уақыт жетті - деп есептейміз. Екіншіден:Сол мөлтек ауданда Шәмші атында көше бар.Онда көктем мен күз айларындағы батпақтан көлік түгілі адам жүре алмайды.Осы көше асфальтталса деген өтінішіміз бар.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Қожамжарова Рахима Тохтархановна - "№6 кәсіптік лицей" МКҚК директоры 09.04.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

ОҚО №6 кәсіптік лицейдің 3 апатты қабатты ғимараттың құрылысына, дайын жобалау-сметалық құжаттары бойынша анықталған 286 млн. теңге облыстық бюджетке енгізілді ма? 9 жыл бойы 1956 жылы саманнан салынған оқу ғимараты апатты жағдайда. Жазбаған хаттар, кірмеген қабылдау бөлмелері қалмады. Үміт тек сізден, құрметті Асқар Исабекұлы!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Шарапов Дастан 09.04.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Әкім мырза! Кейінгі 3 жылдық бюджетте Созақ ауданы бойынша бірде бір инвестициялық жоба жоқ деп естідім. Осы рас па? Рас болса экономикасы облыс бойынша ең жоғарғылардың бірі болып саналатын Созақ ауданында бірде-бір инвестициялық жоба жасауға мүмкіндік жоқпа?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)