Интернет-конференция с акимом Южно-Казахстанской области Мырзахметовым А.И. о ходе реализации Послания Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. народу Казахстана

Интернет-конференция с акимом Южно-Казахстанской области Мырзахметовым А.И. о ходе реализации приоритетных направлений Послания Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. народу Казахстана от 27 января 2012 года «Социально-экономическая модернизация - главный вектор развития Казахстана»

  • Вопросы: 23
  • Ответы: 23
  • 33289
  • 09.04.2012
  • 09.04.2012

шарапов Дастан Бақбергенұлы 09.04.2012 Номер вопроса:
  • 0

Құрметті Әкім мырза! Созақ ауданына газ құбырын тарту мәселесін қарастыруға болады ма? Бейнеу-Бозай құбырынан Созаққа газ тарту экономикалық есеп тұрғысынан қаншалықты тиімді іс?

Ответы (1) Комментарии (0)

Берик Ускенбаев 09.04.2012 Номер вопроса:
  • 0

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша орын алған сұрақтарға жауап және консультация қай жерден алуға болады?

Ответы (1) Комментарии (0)

шарапов Дастан Бақбергенұлы 09.04.2012 Номер вопроса:
  • 0

Елбасымыздың тапсырмасымен дайындалып, қазір Астанамен қоса алгашқылардың бірі болып Шымқалада жүргізіліп жатқан «Қол жетімді тұрғын үй» мәселесінің облыстағы жай күйі қандай? Мен өзім Шымқалада қызмет еткенімде мемлекеттік қызметкердің айлық ақысы қай жағынанда алып қарасақта «қол жетімді тұрғын үй» қағидасымен еш сәйкес келмейтін. Соның салдарынан мемлекеттік бағдарламаға іліге алмай жүрдік. Сондықтан Республика деңгейінде жасалған қол жетімділік параметрлері Шымқалаға да қолданылады ма? Әлде онда жергілікті жағдай ескеріле ме? Мен қазір Астана қаласында тұрамын. Еш кедергісіз, мемлекеттік бағдарламаға құжаттарымды өткізіп, тиісінше, еш кедергісіз, қалалық әкімшіліктің әділетті түрде шешім қабылдауы себепті пәтерлі болдым. Ал Шымқалада жұмыс істеп жүргенде танысың болмаса тұрғын үй басқармасының маңайына да жолай алмайтын едік. Мына қолжетімді тұрғын үй тағыда соның кебін кимейді ме?

Ответы (1) Комментарии (0)

Шарапов Дастан Бақбергенұлы 09.04.2012 Номер вопроса:
  • 0

Құрметті Әкім мырза! Облыс көлемінде кадрлық саясат мәселесін қозғасам ба деп едім. Облыста ол бойынша қандай жақсарту бағытында жұмыстар жасалуда. Мәселен Астанада орталық аппаратарда әр түрлі қызметте жүрген жастарды, елге тартып, біліміне, біліктілігіне, тәжіребиесіне қарай облыста басқарма бастықтары, орынбасарлары, аудандардың әкімдері, орынбасарлары қызметтеріне тарту жоспары бар ма? Себебі елдің дамуы үшін, жанжақты, сыртты көрген (биліктің жоғарғы деңгейлерінде тәжірибе алған), азаматтарды тарту ол облыстың одан әрі дамуына жақсы себеп болады деп ойлаймын. Себебі жаңа тұлғалар жаңа идеялар, жаңа көз қарастар! Әрине жергілікті кадрларды да қолдау керек! Дегенмен де жергілікті кадрдың көп жағдайда ойлау қабілеті сол өзі көрген білгенінен аспайды. Ол факт. Ал жергілікті жерде де, орталық билік аппаратында да қызмет атқарғандардың идеялық және көз қарастық жағынан да биік болады деп ойлаймын. Елбасымыз да қазір көп жағдайда шетелде, Президент Әкімшілігінде қызмет еткендерді аймақтарға жіберуді қолдап отыр. Себебі жергілікті халықпен тығыз жұмыс жасағандардың тәжірибесі орталық ақпаратқа ауадай қажет болса, орталық аппараттың тәжірибесі жергілікті жерге де ауадай қажет. Мен оны өз қызметтік өтілім кезінде толықтай түсіндім. Себебі мен Созақ ауданында қарапайым ғана маман болып, бүгінгі таңда облыстық деңгейде қызмет атқара отырып, орталық аппаратқа өтіп, мұнда жүргеніме 5 жылдың жүзі болды. Ендігі таңда осында жинаған тәжірибемді өз еліме барып пайдаға асырсам деген ниетім ...
Подробнее

Ответы (1) Комментарии (0)

Шарапов Дастан Бакбергенұлы 09.04.2012 Номер вопроса:
  • 0

Құрметті Әкім мырза! Елбасының биылғы жолдауына сәйкес Жезқазған-Бейнеу темір жол құрылысы басталмақ. Осы орайда Шымкент -Жезқазған темір жолын салу жоспары жоқ па? Яғни Шымкент – Темірлан – Шаян – Шолаққаорған – Таукент – Қыземшек – Жезқазған жолы немесе тас жолын салу мәселесі бұл өз кезегінде Алматы-Астана бағытындағы жолдағы ауыртпалықты азайтып, жоғарда көрсетілген елді мекендер аймағында жаңа жол желісі құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, оңтүстіктен солтүстікке тікелей жол ашылатын еді. Ал Таразбен Балқашты айналып Астанаға баратын жолдың өз ауыртпалығы қала беретін еді де, оңтүстіктен шыққан көліктер тікелей Созақ арқылы арқаға шығып, бұл өз кезегінде Жезқазғанның да дамуына үлес қосатын еді.

Ответы (1) Комментарии (0)