«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері»

«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкіміГ.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 568
  • 03.06.2020, 11:00
  • 03.06.2020, 17:00
  • Қызылорда облысы

Есназарова Калдыгуль 03.06.2020, 16:45 Сұрақ нөмірі: 9377
  • 0

Мен көпбалалы анамын. Биылғы жылы қызым 11-сыныпты аяқтады. Таңдаған мамандығы математика пәнінің мұғалімі. Сізге қояр сауалым, алдағы өтетін ҰБТ-де нендей өзгерістер бар және бізге қаңдай жеңілдіктер қарастырылған?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Нурмаханова Ансаган 03.06.2020, 15:28 Сұрақ нөмірі: 9376
  • 0

Сәлеметсіз бе, Гүлшара Наушақызы! Балам осы жылы мектепке барады. Биылғы жылғы карантин жағдайын ескере отырып, 1-сыныпқа құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Абдиханова Айгерим 03.06.2020, 13:23 Сұрақ нөмірі: 9375
  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Мен Қызылорда қаласының тұрғынымын. Биылғы жылдың 4 тоқсанында балаларымыз үйден қашықтан оқыды. Алда 3 ай каникул. Жылда балаларымыз лагерьге баратын еді. Биылғы жылы лагерь жағдайы қалай болмақ? Балаларымызды жібере аламыз ба?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Алибекова Анар 03.06.2020, 13:15 Сұрақ нөмірі: 9374
  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Менің балам Қызылорда қаласындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде 2 курста оқиды. Екі жылдан бері қалада пәтер жалдап тұрады. Осы оқу орнының жатақхана мәселесін шешуге бола ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Дәлі Медет 03.06.2020 Сұрақ нөмірі: 9367
  • 0

Сәлеметсіз, Мен Далиев Медет Корганбекович 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығында тәрбиеленудемін. Жақында 23 жасқа толамын. Орталықтан шығып, жаңа өмірге қадам басамын. Мені баспана жайы мазалайды. Қазіргі таңда кезекте 26-шы болып тұрмын. Осы кезегіме сәйкес қашан пәтер ала аламын?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)