ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 66467
- 23.07.2013
- 25.07.2013
Ахметова Жаннат 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Осы жуырда республикалық телеарналардың бірінен Қорқыт Ата ескерткішін ЮНЕСКО тізіміне енгізіді дегенді құлағым шалды. Осы рас па?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Абдиров Қайрат Раушанбекұлы 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Қырымбек Елеуұлы осы қаламыздың Түркістан көшесіндегі 1200 орындық мектеп пайдалануға қашан беріледі?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Жалғасбеков Аманкелді Бозжігітұлы 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Ассалаумағалейкүм Қырымбек Елеуұлы! Сізден сұрарым Арал қалаішілік жолдарын жөндеуге облыстық бюджеттен ақша бөлдірсеңіз .Тіпті машинамен жүруден қалуға айналдық,ендігі үмітіміз тек өзіңізде ғана.
Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)Есқабылов Олжас Мырзалыұлы 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен шиелі ауданының тұрғынымын, қояр сауалым мынадай: "менің анам 2-ші топ мугедегі, 1948ж кісі, анам казіргі уақытта мугедектікке шыққа - енді зейнеткерлікке ауысуы ушін қай органдарға бару керек және нақты маліметті зейнетақы қанша болатынын, мүгедектікпен айырмашылығы қандай екені жайлы қайдан алуға болады және ол ушін қандай құжаттар керек? - 2-ші топ мүгедек кісілерге жазғы маусымдарда демалыс орындарына тегін немесе жеңілдіктермен жолдамалар бөлінеді ма? егер бөлінетін болса, онда ол жолдамаға ие болудың жолдары мен шарттарын айта өтсеңіз..."
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Орекешов Нурлан Толыбаевич 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Прошу разъяснить о проводимой реформе в государственном системы управлении и реализации приоритетного казахстанского проекта, РРССАМ-2.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)