ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 66463
- 23.07.2013
- 25.07.2013
Шатенов Манас 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Әкім мырза, ауылда азды-көпті мал ұстап жан бағып отырған жәйіміз бар. Жаз айларында өттеу ауруымен малымыз ауырады кей жағдайларда өлім-жітімге ұшырайды осыған мемлекет тарапынан дәрі-дәрмек бөліне ме?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Әсел Омарова 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба әкім мырза! Менің сұрағым: кәмелетке толмаған балаларым бар. Олар ауырған кезде тегін дәрі-дәрмек бірде берсе, бірде бермейді. Ол неге байланысты?Негізі балаларға дәре тегін беріледі ме? Берілсе қандай жағдайда? Оның шарттары мен жолдары? Сонымен қатар "Внутричерепное давлениемен" есепте тұрмыз, оған қандай көмек бар? Алдын ала алғысымды білдіремін.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Исаева Жансая Жақсыбайқызы 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Осы жылдың басындағы халықпен кездесуіңізде өңірде балық консорциумы құрылады деген болатынсыз. Соның тиімділігі болып жатыр ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Оралбеков Шәкірбай 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Ауыл шаруашылығы және мелиоративтік техникаларын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыру үшін субсидиялау тетігін енгізу шаралары қалай жүргізіліп жатқанын білуге бола ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Әбдіров Қайрат Раушанбекұлы 25.07.2013 Сұрақ нөмірі:
Қырымбек аға! Төретам кентіндегі 600 орындық мектеп құрылысы қашан пайдалануға беріледі екен?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)