«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі»

«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 794
  • 31.03.2021, 10:20
  • 31.03.2021, 17:00
  • Қызылорда облысы

Барахатқызы Ләйля 31.03.2021, 14:29 Сұрақ нөмірі: 10307
  • 0

Сәлеметсіз,мен Қызылорда қаласының тұрғыны Ләйлә Барахатқызы боламын. Өзіңіз білесіз, бір жылдан аса уақыт балаларымыз індеттің салдарынан үйде оқуға мәжбүр болды. Қазір, вирус басылған секілді, жазғы уақытта балаларымыз лагерьге бара ала ма? Мектептер жанынан лагерь ұйымдастыруға мүмкіндік бола ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Бермағанбетова Гүлзира 31.03.2021, 13:08 Сұрақ нөмірі: 10306
  • 0

Сәлеметсіз бе, мен қала тұрғыны Гүлзира Ермағанбетова ата-ана ретінде сізге төмендегідей сауал жолдаймын. Балаларымыз 4 оқу тоқсанында мектепке барып оқиды дегенді естіп жатырмыз. Бірақ, көптеген ата-аналар, оның ішінде өзім де бармын мектеп формасын алып үлгермедік. Бұл мәселеге қатысты қандай шешімдер қабылдайсыздар?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Төлегенова Гүлнұр 31.03.2021 Сұрақ нөмірі: 10304
  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Мен ауыл мектебінде мұғалім болып қызмет етемін. 10 жылдан аса педагогика саласында тәжірибем бар. Өткен жылы Сіздің қолдауыңызбен конкурс жеңімпазы атанған бірқатар ұстаздар қаржылай сыйақы иеленді. Биыл сол конкурс жалғаса ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Алиева Жанар 31.03.2021, 11:31 Сұрақ нөмірі: 10301
  • 0

Қайырлы күн, Гүлшара Наушақызы! Қазірде қызым 10 сыныпта оқиды. Келер жылы мектепті аяқтағалы отырмыз. Дегенмен, қызым мамандық таңдауда қиналады. Оқушыларға мамандықтардың сұранысына қарай талдама жасап түсіндіретін арнайы ақпараттық ресурс бар ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Бекбасова Индира 31.03.2021, 11:27 Сұрақ нөмірі: 10300
  • 0

Қайырлы күн, Гүлшара Наушақызы, мен Бекбасова Индира. Отбасымда 3 балам бар. Үлкенім биыл ұлттық тест тапсырады. Уақыт болса таяп қалды. Шындығын айтқанда, биылғы жыл балаларға оңайға соқпады. Балалардың тестілеуге дайындығын күшейту бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)