«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы»

«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап береді.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 911
  • 24.08.2021, 15:00
  • 24.08.2021, 18:00
  • Қарағанды облысы

Оспан Зулгаппар 24.08.2021, 16:52 Сұрақ нөмірі: 10641
  • 0

Құрметті Серік Жаманқұлұлы сіз аудан әкім болған кезде қаланың диірмендерінен жеңілдетілген бағамен кебек алушы едік бұл ауыл тұрғындарына өте қолайлы еді, қазіргі таңда да сондай көмектер қайта қарастырылса жақсы болар еді, себебі жергілікті егістік иелері астықтарын бір түйірін қалдырмай өткізіп жібереді. Көрше ауылдардан қымбат болсада сатып алап жатқан жайымыз бар, бұл өз кезегінде мал мен құстың өсіміне кедергі жасауда, ( Құланөтпес ауылы)

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Балхашев Кахим 24.08.2021, 16:18 Сұрақ нөмірі: 10638
  • 0

Құрметті Серік Жаманқұлұлы! Мен, Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Қарақұдық ауылының тұрғыны Балхашев Кахим. Біздің ауыл тұрғындарының аландататың мәселесі ауылымыздың болашағы мен дамуы. Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы өз жұмысын бастады."Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда өмір сүрудің қолайлы ортасын құру бойынша бірқатар міндеттер шешілетін болады. Осы бағдарламаға Қарақұдық ауылы не себепті қосылмағандығы алаңдатады. Ауылымыз облыс орталығынан 25, аудан орталығынан 55 шақырым жерде орналасқан. Халық санының өсімі жылдан - жылға ұлғаюда. Мектеп оқушыларының өсу динамикасы байқалуда. Алайда, 1997 жылы салынған мектеп ғимаратында осы күнге дейін спортзалы аяқталмаған. Осы мәселемен облыстық білім басқармасының басшысы Г.Қожахметоваға өтініш жолдаған болатынбыз. Бірақ, осы күнге дейін жауап жоқ. Осы орайда Сізден ауылымыздың "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасына қосылуына өз тарапыңыздан ықпал етуіңізді сұраймыз!.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Оспан Зулгаппар 24.08.2021, 15:50 Сұрақ нөмірі: 10636
  • 0

Ауыл тұрғындарын толғандыратын тағы бір мәселе үстіміздегі жылы көктемнің басында мал өрісінде қынадай қырылған киіктердің өлекселерін ОХОТЗООПРОМ зарарсыздандырмады, бұл белгісіз індет болып ауыл тұрғындарының малы қырылса не істер едік ?! Сонымен қоса ауыл диқандары әупірімдеп еккен егінің 10 000 даған киіктер таптап жеп кетті, бұл мәселеде ешқандай тараптан көмек болмады, ауыл азаматтары өз күшетерімен күні түні айжүріп, басым көпшілігін әрең айдап шықты. Диқандардың шығының кім өтейді?!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Калиаскаров Сымбат 24.08.2021, 15:42 Сұрақ нөмірі: 10634
  • 0

Аулымызда (Нұра ауданы Құланөтпес ауылы) жаңадан отау құрған жастар дені баршылық. Олар ауылда құс, көкөніс т.б. шаруашылықтарын ашып айналысқысы ақ келеді. Алайда бөлінетін гранттар саны аз, немесе жекелеген бағыттар бойынша мүлдем қарастырылмаған. Осыған орай, қандай гранттар бағыттары бойынша біздің ауданға бөлінгені және ауылымзға бөлінген гранттың еншісін айтып өтсеңіз. Сондай-ақ, келер жылдары гранттар көлемін арттыру мен басқада бағыттарын қарастыру жоспарларыңызда бар ма? Рахмет!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Оспан Зулгаппар 24.08.2021, 15:26 Сұрақ нөмірі: 10633
  • 0

Жерге байланысты заңнамаларға өзгерістер енгізілгенінен хабардармыз. Соның бірі ауыл манайындағы бұрын сонды жекелерге өтіп кеткен жерлер қайтарылуы тиіс делінген. Яғни ауылдың қарапайым адамдардың малдарын жаюға арналған жерлер болуы қажет. Осы бағытта Сіздермен қандай жұмыстар атқарылуда? Мәселен, ауыл іргесінен не бары 5-6 км жерде орналасқан "ЖШС Қайнар" дың 1000 га егістігі тура мал жайлымының ортасында тұрғандықтан , қиындықтар туғызуда.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)