Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 38614
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009

Серикова Шолпан 08.06.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Облыс орталығында балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана жоқ. 1977 жылы оңтайландыру кезінде облыстық балалар мен облыстық жасөспірімдер кітапханасы жабылып, кітап қоры облыстық кітапханаға берілген болатын. Бүгінгі таңда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар бөлімі кітапханалық қызмет көрсетеді. Мұнда балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қызмет көрсететін бөлімдер жоқ, оқырмандарға қызмет көрсету залында орындар жетіспейді. Ақпаратық қоғамда балалардың жан-жақты білім алуына қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін, бос уақытын тиімді пайдаланып, кітап оқу арқылы балаларды қоғамның мәдени-әлеуметтік ортасына өз орнын табуға тәрбиелейтін, заманға сай жаңа технологиялармен жабдықталған облыстық балалар кітапханасы қажет.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Налтаев Ербол 08.06.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Қазір жас мамандарға қандай көмектер көрсетіледі? Мемлекеттік қызметке конкурс жариялауға мароторий жасалғаны белгілі, ертең жұмысқа келгенде конкурстар өтеді ме?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Рамазан Тайманов 08.06.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының Әуелбеков көшесі №41 үй, Қорқыт ата көшесі №78 үйде орналасқан ғимараттарының қызметін өрт қауіпсіздігіне сәйкес болмағандықтан уақытша тоқтатуды сұрап сотқа талап арыз берген болатын. Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырылған. Ғимараттарды қайта іске қосу үшін өрт-техникалық қауіпсіздігі жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлуге ықпал жасауыңызды сұраймыз.

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)

Меңдібаева Айнұр 08.06.2009 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Болатбек Баянұлы! Облыстық телеарналардан қазақша кинолар мен жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеп, жақсылыққа жетелейтін, имандылыққа үндейтін бағдарламаларды жиі көрсетіп, шет мемлекеттердің таусылмайтын сериалдарына тыйым салынса деген ұсынысым бар еді.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)