Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 3549
- 28.08.2018, 10:00
- 28.08.2018, 15:00
- Қызылорда облысы
Кошанова Айгерим 28.08.2018, 13:28 Сұрақ нөмірі: 7874
Здравствуйте, я являюсь жительницей города Байконур. У меня есть Казахстанское гражданство. Зимой у нас открылась Казахстанская поликлиника. Многие знакомые прикрепились в эту поликлинику. На данный момент я не работаю и не имею медицинскую страховку. Могу ли я получить бесплатную мед.помощь в Казахстанской поликлинике? Заранее спасибо
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Балсан Индира 28.08.2018, 11:58 Сұрақ нөмірі: 7873
Менменің әкем 2010 жылдан бері жүрек ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрады. Екі рет жүрегіне ота жасалған. Дегенмен, тағы бір ота жасату қажет болып отыр. Осыған дейін әкемнің Астана қаласына ота жасатуға барған жол ақысы өтелді. Жүрекке ота жасаған адамға күтуші қажет екені айтпасақ та түсінікті. Егер де қасына күтуші ретінде еріп барсам маған да жол ақысы өтеле ме?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Сқақов Азамат 28.08.2018, 10:47 Сұрақ нөмірі: 7872
Саламатсыз ба, Қырымбек Елеуұлы! Менің Жалағаш ауданында тұратын ағама ішектің онкология диагнозын қойғанына 1,5 жылдан асты. Осы уақытқа дейін онкологиялық орталықта ем алып жүрді. Қазір тек ауырсынуды басатын дәрілермен төсек тартып жатыр. Осындай соңғы кезеңдегі науқасты ауруханаға жатқызуға мүмкіндік бар ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Сембиева Гульназ 28.08.2018, 10:45 Сұрақ нөмірі: 7871
Саламатсыз ба ! Жаңақорған ауданының Өзген ауылының тұрғынымын. Осы ауыл тұрғындарының атынан жазып отырмын. Біздегі дәрігерлік амбулатория өте ескі, апаттық жағдайда. Еш сын көтермейді. Осы мәселе қашан шешімін тауып, жағдайы жасалған амбулаториядан көмек ала аламыз ба ?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Жалмаганбетова Шаттик 28.08.2018, 10:38 Сұрақ нөмірі: 7870
Саламатсыз ба! Мен Арал ауданының Атаншы ауылының тұрғынымын. Біздің ауыл аудан орталығынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылымызда медициналық бекет бар, алайда қосымша қазіргі заманауи аппараттармен тексерілу қажет болған жағдайда бізді облыс орталығына жолдайды. Өзі ауруына ем ездеген адамға, оның ішінде үлкен кісілер мен балаларға 500 шақырымды құрайтын облыс орталығына бару қиынға соғып жатады. Менің сұрағым: шалғай жатқан ауылдың тұрғындары облыс орталығына емес, ауданда болса да жоғары білікті мамандандырылған көмекті қашан алатын болады?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)