Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы

"Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 770
  • 26.06.2019, 10:00
  • 26.06.2019, 17:00
  • Қызылорда облысы

Ідаяхожаев Қазбек 26.06.2019, 16:54 Сұрақ нөмірі: 8486
  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Қызылорда қаласының тұрғынымын. Соңғы жылдары аймағымызда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіліп келеді. Соның айқын көрінісі облыс бойынша жекеменшік балабақшалар көптеп ашылып, қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беруді дамытып, кәсіптерін жүргізіп отыр. Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Ал енді, жеке балабақшалар жұмысын дамыту секілді кәсіпкерлерге жеке мектеп ашуға қандай мүмкіндіктер бар?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Байманова Анар 26.06.2019, 13:22 Сұрақ нөмірі: 8485
  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Байманова Анар, Қызылорда қаласының тұрғынымын. Қызым Өмірзақ Айдана №3 IT лицейдің 9 сыныбын бітірді. Пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалардың жүлдегері. Әлеуметтік желілерден өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысының делегациясы Ресей Федерациясына іс-сапарға барғанын оқыдым. Сапар барысында Сочи қаласындағы «Сириус» орталығы жұмысымен танысқандығын білдік. Интернет арқылы осы орталықтың жұмыс бағыттарымен таныстық. Балама қатты ұнады. Менің сізге қояр сұрағым, дарынды балаларға «Сириус» орталығында білімін шыңдауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Сейділдаев Нұрсұлтан 26.06.2019 Сұрақ нөмірі: 8483
  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Сейділдаев Нұрсұлтан, Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназияда математика пәнінің мұғалімі, магистрмын. Өзіңізге белгілі, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында «Педагог мәртебесі» туралы Заң әзірлеуді тапсырған болатын. Менің Сізге қояр сұрағым, осы Заң аясында «магистр» академиялық дәрежесі бар мұғалімдердің еңбекақысына қосымша үстемақы төлеу мәселесі қарастырыла ма? Бұл ұсынысымды әлеуметтік желі және министрліктің порталына жіберу арқылы білдірген болатынмын.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Ертелеуова Анар 26.06.2019 Сұрақ нөмірі: 8482
  • 0

Менің балам Қызылорда қаласындағы Қызылорда политехникалық колледжінде 2 курста оқиды. Екі жылдан бері қалада пәтер жалдап тұрып келеді. Осы оқу орнының жатақхана мәселесін шешуге бола ма? Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білгім келеді.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Байдилдаева Гульсара 26.06.2019, 11:05 Сұрақ нөмірі: 8481
  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! 2017 жылдан бастап жастардың тегін білім алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылы менің балам 9 сыныптан кейін осы бағдарлама бойынша жұмысшы мамандығын алғысы келеді. Осы ретте, баламның мемлекеттік грант есебінен оқуына мүмкіндігі бар ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)