- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Журналистермен баспасөз кездесуін өткіздім. Іс-шарада БАҚ өкілдеріне 2025 жылдың қорытындылары туралы айтып, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттердің іске асырылу барысы жайлы баяндадым.
Биыл Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша 145 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар шамамен 300 нысанға арналған жобалау-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасын және Абай о ...
- 29.12.2025
- 103
Премьер-министрдің орынбасары Канат Бозымбаевтың төрағалығымен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында алдағы вегетация кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті. Шаруалар мен жергілікті атқарушы органдарға келесі жылға болжанып отырған су көлемі және су ресурстарының азаюы әсерін жеңілдету шаралары туралы түсіндірдік.
Біздің және Орталық Азия елдеріндегі әріптестеріміздің болжамдары бойынша, алдағы вегетация маусымында су ресурстарының көлемі соңғы жылдармен салыстырғанда азаюы мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су жетіспеушілігі тәуекелі бар. Суды ұқыпты әрі тиімді па ...
- 10.12.2025
- 89
Алматы қаласындағы №79 гимназияның оқушысы Дана Қадырбекпен кездестім. Дана заманауи наноматериалдарды қолдана отырып, атмосферадан су жинайтын құрылғы ойлап тапқан жас ғалым. Бұл қондырғы электр желісіне қосылмай-ақ ауадағы ылғалды тиімді сіңіріп, конденсациялауға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша Дана Елтайқызымен құрылғының жұмысын бірлесіп талдауды, жобаны пилоттық режимде іске асыруды, ақпарат пен деректер алмасуды, сондай-ақ технологияны кеңінен қолдану мүмкіндігін зерттеуді көздейтін меморандумға қол қойдық. Сондай-ақ Ғылым және инновациял ...
- 10.12.2025
- 87
Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен ауыл әкімдері форумы өтті. Диалог-платформа аясында өткізілген «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану тұрғысынан ауыл шаруашылығын дамыту» атты екінші панельдік сессияға қатыстым. Талқылауға 300-ден астам ауыл әкімі жиналды.
Ауыл шаруашылығында суды тиімді басқару және пайдалану бағытында Су ресурстары және ирригация министрлігінің атқарып жатқан жұмысы жөнінде баяндама жасадым. Биыл қабылданған жаңа Су кодексіне сәйкес, өздігінен су пайдалануға жол бермеу және су нысандарында, су қорғау аймақтары ме ...
- 10.12.2025
- 84
Алматы қаласында өткен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су шаруашылығы мен энергетика ведомстволары басшыларының кездесуіне қатыстым.
Отырысқа ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев және Қырғыз Республикасының Су ресу ...
- 10.12.2025
- 86


