- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясын бастады.
Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде «Мөлдір бұлақ» акциясы еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 28 бұлақта өткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ...
- 30.03.2026
- 63
Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің су шаруашылығы ведомстволарының басшыларымен бірге Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 92-інші отырысына қатыстым. Қырғыз Республикасы жиынға бақылаушы ретінде қатысты.
Отырыста 2025-2026 жылдардағы вегетацияаралық кезеңде Сырдария мен Әмудария өзендері бассейндеріндегі су алу лимиттері мен су қоймаларының жұмыс режимдері қаралды. Сондай-ақ Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары саммиттерінде қабылданған шешімдерді ...
- 30.03.2026
- 60
Түркістанда өткен қазақ-өзбек бірлескен жұмыс топтарының отырыстарына қатыстым. Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге екіжақты су және су-энергетикалық ынтымақтастық салаларындағы негізгі мәселелерді талқыладық.
Атап айтқанда, «Достық» мемлекетаралық каналын тазалау және жөндеу жұмыстары қаралды. Былтыр біз каналдың учаскелерінде, еңістерінде, коллекторларында және бас құрылысжайларында механикалық тазалау жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар нысанның бас және бөгейтін құрылысжайларындағы ...
- 30.01.2026
- 93
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездестім.
Шу ауданында ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстым. Биыл жалпы ұзындығы 69,7 шақырымды құрайтын 15 каналды реконструкциялау жұмыстары аяқталып, олардың бойына 240 гидротехникалық құрылыс орнатылды. ...
- 29.12.2025
- 112
Қоғамдық қабылдау өткіздім. Онда Шығыс Қазақстан, Павлодар мен Абай облыстарында суармалы егіншілікті дамыту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, суару суын жеткізу алқаптарын ұлғайту есебінен суармалы жер көлемін арттыру мәселесіне назар аударылды.
Бүгінде Павлодар облысында лиманды суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кетейін. Су ресурстары және ирригация министрлігі барлық қажетті қаражатты бөлді. Сонымен қатар еліміздің шығыс өңірлерінде су шаруашылығы инфрақұрылымын ауқымды түрде реконструк ...
- 29.12.2025
- 108


