Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" тақырыбына Интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ахметов Азамат Қуатұлы жауап береді.

  • Сұрақтар: 19
  • Жауаптар: 19
  • 2068
  • 04.06.2020, 09:00
  • 04.06.2020, 17:00
  • ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Чапаев Абзал 04.06.2020, 15:54 Сұрақ нөмірі: 9392
  • 0

A куда обращаться и что делать, если продавец отказывается ремонтировать холодильник, утверждая, что это не гарантийный случай?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Тоқбай Елдана 04.06.2020, 15:31 Сұрақ нөмірі: 9390
  • 0

Сұрағым көбіне фотоға түсіру және бейнетүсірілім түсіруге сатушы тыйым салатын жағдайлар болады. Заңды ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Амирова Райхан 04.06.2020, 15:10 Сұрақ нөмірі: 9388
  • 0

Добрый день. В нынешнее время многие товары и услуги можно получить онлайн. На сколько Закон распространяется для таких услуг? К примеру, очень много различных марафонов, вебинаров, и образовательных курсов проводятся в онлайн формате, и не всегда эти услуги имеют должный сертификат или право на предоставление этих услуг. Как будут привлекаться к ответственности онлайн поставщики ТРУ в случае нарушений? К кому обращаться в первую очередь? Каков механизм действии?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Храмов Денис 04.06.2020, 15:01 Сұрақ нөмірі: 9387
  • 0

Мойындауымыз керек. Елдегі тұтынушылардың көпшілігі өз құқықтарын қорғамақ түгілі, қандай құқықтық мүмкіндіктерінің бар екендігін де біле бермейтін. Халықтың бұл әлсіздігін қызмет көрсетушілер де жақсы біледі және үнемі пайдасына асырып та келді. Парламентте талқыланып жатқан заң жобасы болашақта бұл әділетсіздікке тоқтау болатын құнды құжат болады деген ойдамыз. Және сенеміз. «Бек Эйр» әуекомпаниясының бұзған тұтынушылық талаптарын қалыпқа келтіруде табандылық таныттыңыздар. Сот шешімімен келіспейтіндеріңізді ашық айттыңыздар. Нағыз қарапайым тұтынушы халықтың шын жанашыры екендіктеріңіздің бір дәлелі болғандай. Енді осы істің немен аяқталғанын білсек деп едік. 700 ден астам жолаушының талап-тілегі қанағаттандырылды ма? Журналист КТК Руслан Әбдіхалық

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Әсімхан Бекжан 04.06.2020, 13:29 Сұрақ нөмірі: 9384
  • 0

Құрметті, Азамат Қуатұлы. Алдымен, талай жыл Қазақстанның қаржы саласында тер төгіп, Мемлекеттік кірістерді бақылауда барыңызды салғаныңызға, ел экономикасы үшін маңызды, әрі ауқымды жобаларды жүзеге асырғаныңызға алғысымды білдіргім келеді. Қазір де сіз басқарып отырған ұжымның көтеріп, ұсынған заң жобасы өте өзекті және дер кезінде қозғалған мәселе деп білемін. Жасыратыны жоқ, бұған дейін тұтынушының құқығын қорғау мәселесіне келгенде кемшіл тұстарымыз көп болды. Мәселен, сатушы мен сатып алушының немесе қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы қатынастың нақты заңмен реттелмеуі, болса да, түгел қамтылмауы, арызданушының талап-тілегін тыңдап, іспен тиянақты айналысатын арнайы орталықтың болмауы – қарапайым халық құқығының өз деңгейінде қорғалмай келгенінің дәлелі болды-ау деп ойлаймын. Елді елең еткізген осы заң жобасының ерекшеліктеріне тоқталып өтсеңіз. Жақын арада Тұтынушының құқығын қорғау саласында қандай өзгерістер болады? Әсімхан Бекжан Сабыржанұлы – «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Ашық алаң» саяси-қоғамдық бағдарламасының журналисі

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)