ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 59018
- 09.04.2013
- 11.04.2013
Сагындык Көшер 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
Қай қоғамда болмасын, тұрмысы деңгейі төмен, қамқорлықты қажет ететін әлсіз әлеуметтік топтар болады. Оларға мемлекет деңгейінде қандай көмектер көрсетілуде? Жалпы, біздің қоғамымызда мұндай азаматтарға демеушілік танытатын тұлғаларға қандай да бір әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған ба?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Оразов Кахраман Анарметович 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
Добрый день Аскар Исабекович! Довожу до Вашего сведения что в следствии ремонта канализации вырыли яму для устранение неполадок в канализационной сети по адресу город Шымкент поселок Чапаевка улица Деповская пересечение с полевым проездом. По завершении ремонтных работ улицу не заасфальтировали. Как житель данного промежутка дороги хотел бы узнать, будет ли производится ремонт данного участка дороги т.к невозможно ездить. Спасибо!
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Жолдыбаева Айдана 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
Асқар Исабекович! Мен Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекенінің тұрғыны Жолдыбаева Айдана. Біздің ауылымызға табиғи газ құбырларын жүргізіп жатқанына қуанып қалдық. Биыл бұл жұмыстар екінші жыл алғасып жатыр. Ауылдық жердің көркеюіне, халықтың әл ауқатын жақсартуға бұл әрине үлкен үлес. Оған Өзіңізге дән ризамыз. Бір өтінішім осы газ құбырларын жүргізу кезінде ауылішілік жолдар қазылып, көпірлер бұзылып қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеді. Сондықтан, осы кемшіліктер жұмыстардың атқарылу барысында жөнделсе деген сұранысымыз бар.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Талап Өсербеков 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
Өзім Созақтанмын. Жасым 35-те. Шымкентте жұмыс жасап жүргеніме он бес жылдан асты. Жолдаудан «Қолжетімді баспана-2020» туралы естіп, өзім секілді мыңдаған мүмкін миллиондаған қазақстандықтардың баспана мәселесі шешілетін болды деп қатты қуандым. Бірақ, «Қолжетімді баспананың» негізгі операторы болып табылатын жарнамасы керемет «Жилстройсбербанктегі» мамандармен ақылдасып едім қуанған көңілім көп ұзамай басылды. Банктегілер менің және әйелімнің жалақысын, есептеп 2 бөлмелі пәтер алу үшін пәтердің жарты құнын 15 жыл бойы ай сайын 15000 теңгеден жинақтау қажеттілігін айтып түсіндірді. Қалған жартысын пәтер алған соң құтыласыздар деді. Жарты құнын жинақтамасаңыз пәтер алам деп үміттенбеңіз деп шығарып салды... Құрметті әкім мырза! «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы расында халық үшін қолжетімді ме?! Мұның өзге нұсқасын қарастыруға болмай ма? Мәселен, жүйені қайта қарап, пәтер құнының 50 емес 20-30 процентін жинақтау. Сосын баспанада тұрып, қалғанан құтылу деген деген секілді. Жұмысыңызға табыс тілеймін!
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Сарманов Инамжан 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
Мүлдем категориясы жоқ мұғалім үш айлық курсқа бара алама? Сол тұралы мәлімет берсеңіз.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)