ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 59017
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013

Жолдас Гүлнұр 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Шымкент қаласының Абай ауданындағы көп қабатты үйлердің аулалары абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшаларын орналастырылды. Ал, Еңбекші және Әль-Фараби аудандарындағы көпқабатты үйлерге де осындай жұмыстар жүргізіле ме?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Фахриддин Әлазиз 09.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Асқар Исабекұлы! Көлік жолының нашар ахуалы азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына кесірін тигізетіні белгілі. Осы орайда, стратегиялық маңызы зор Алматы-Ташкент трассасының Шымкент-Жетісай бөлігіне жөндеу қашан басталатыны, құрылыс барысында Қытай-Еуропа немесе Астана-Бурабай жолдарының сапасына дейін көтеру мүмкіндігі жөнінде айтып өтсеңіз. Рахмет.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Сейтбаев Алмат 09.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Қайырлы күн Асқар Исабекұлы! Облысымыздың жылдан жылға гүлденіп келе жатқанына куә болудамыз. Сіздің сол іс-шаралардың бел ортасында жүріп, атқарған еңбегіңізге қуанып жүрміз. Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округінің Жаңажол (бұрынғы Қызыләскер) елді мекеніне аудан орталығынан автобус қатынасы үзілгеніне біраз уақыт болып қалды. Ескі автобустар жиі істен шығады. Осы себепті халық сенімінен шыққаннан соң тұрғындар оны күтпей, бағасы қымбат таксиге мінуге мәжбүр. Егер автобус кестеге сәйкес уақытылы жүріп тұрса, ауыл тұрғындары автобусқа мініп артық шығынға ұшырамас еді. Осы жағдайдың оң шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Ыбрахим Икрамидинович 09.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Ассаламуалейкум Асқар Исабекұлы! Менің сұрағым "Қол жетімді баспана 2020" мемлекеттік бағдарлама аясында жас отбасы бағыты бойынша. 1 ұл 1 қызым бар осы бағдарлама аясында басты арманымызға жетсек дейміз. Осы бағдарлама каншалықты іске асырылады жане қанша уақытта. Менің ең басты сұрағым жасым қазір 28-де бұл бағдарлама 29 жасқа дейін екен. Сонда мен қазір кезекке тұрсам келесі жылы бұл бағдарлама қалай болады екен? Мен осы бағдарламамен баспаналы болуға мүмкіндігім бар ма? Алдын ала РАХМЕТ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Нүрсәт ш/а 105 үй тұрғындары 09.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Асқар Исабекұлы! Елбасы қолдауымен бастау алған Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес, 2010 жылы «Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан 105 үйден пәтерлі болған тұрғындар мазалауда. Аталған үйдің ахуалы туралы мәселені алдынға жылы көтерген болатынбыз. Сол кезде өзіңіз тапсырма беріп, бақылауға алғаныңыз туралы жауапты алып қуанған болатынбыз. Дегенмен, уақыт өте тұрғындар өз пәтерлерінің ақауларын өздері түзей бастады. Ал шатырды түзеуге шама келер емес. Себебі тұрғындардың басым көпшілігі жас отбасылар. Осыған орай, Өзіңізден бұл мәселені түпкілікті шешуіңізді сұраймын.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)