ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 59016
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013

Еркин Бабаев 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Жоғарыда айтып өттік, жұмыссыздықты азайтуға, халықтың тұрмысын түзеуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жетерлік. Осылардың ішінде банкке кепілдік қоюға мүлкі жоқ тұрмыс деңгейі төмен азаматтарды несиелеу жүйесіне арналған бағдарлама бар ма? Бар болса оның талаптары қандай? Соны білсек деп едік....

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Қуанышбаев Өтепберген 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Асқар Исабекұлы! Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа "Қазақстан-2050" атты Жолдауында көлік қатынастарына да халыққа қолайлы қызмет жасау жайында нақты атап өтті. Мысалы: Шымкент Түркістан бағытының жолы, жалпы ұзындығы 170 км құрайды. Осы бағытта қатынайтын микроавтобустардың құны 1000 теңгеге шарықтады. Әр шақырымға шаққанда 6тг түсіп отыр. Ал Қызылорда-Түркістан жолы 300 км құрайды. Мүнда да микроавтобус құны 1000 тг құрайды, яғни шақырымына 3,3 тг келеді. Айырмашылығы өте үлкен. Шымкент Түркістан бағытындағы орынсыз жол ақысының өсуін тексеріп тосқауыл қоюыңызды өтінеміз. Қуанышбаев Өтепберген Зейнеткер.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

кураметова л.к. 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Здравствуйте! Сколько школьных и дошкольных учреждений планируется построить в течение ближайших пяти лет? Спасибо

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Тілеуов Қаныбек Жарасбекұлы 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Асқар Исабекұлы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы күзде Оңтүстікке жасаған сапарында Шымкентті еліміздегі үшінші қала мәртебесіне көтеру жайын айтты. Бүгінде «Нұрсәт» шағынауданында жаңа әкімшілік-іскерлік орталық салынуда. Осы орталықтың құрылысын толық аяқтау қай жылға жоспарланған? Эскиздік жобасы керемет. Сол жердегі облыстық әкімшіліктің зәулім ғимараты қай жылы аяқталып, пайдалануға беріледі?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Салимбеков Н.Н. 10.04.2013 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Облыста білім беріп жатқан білім беру ошақтарының көпшілігі типтік емес ғимараттарда орналасқан. Бұл мәселені шешу бойынша Сіздің басшылығыңызбен көптеген жаңа заманауи мектеп, бала-бақша ғимараттары бой көтеруде. Осы бағыттағы жұмыстар ары қарай өз жалғасын табады ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)