АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 41165
- 13.05.2013
- 15.05.2013
12 ықшам ауданының тұрғыны 15.05.2013 Сұрақ нөмірі:
Соңғы жылдары Сазды өзенінің бойы жөнделіп, қалалықтардың демалыс орнына айналды. Былтырғы жылдан бастап 12 ықшам ауданы жағы жөнделіп жатыр. Енді соның бойынан сквер салу жоспарда бар ма? Сол маңнан тағы да бір демалыс орны ашылса жақсы болар еді.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Нуртазин 15.05.2013 Сұрақ нөмірі:
Біз Алға қаласында орналасқан ескі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрамыз. Үйіміз 1965 жылы салынған, жыл сайын пәтер иелерінің бірігіп жинаған қаражатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, ешқандай нәтиже бермейді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша Алға қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Тілегенов Мұрат 15.05.2013 Сұрақ нөмірі:
Қайыңды ауылдық округінің орталығы Ойыл ауданындағы орталықтандырылған ауыз су құбыры жүргізілмеген жалғыз ауыл. Ауылдағы барлық тұрғындармен қатар әлеуметтік нысандардың барлығы да өздері қазып алған құдық суларын пайдаланып келеді. Сондықтан, осы мәселе соңғы кездері бірнеше рет көтерілді. Қалай шешімін табады деп алаңдап жүрміз?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Мурзагулов 15.05.2013 Сұрақ нөмірі:
Мен Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет ауылының тұрғыны Айдаралин Сағитжан боламын. Елімізде халқымыздың әл-ауқатын арттыру бағытында орталықтан шалғайда орналасқан елді-мекендерге электр желісін тарту, таза ауыз сумен қамту бойынша жемісті жұмыстар жүзеге асуда. Осының негізінде Есет ауылына жуық арада көгілдір отын әкелінер ме екен деген сауалымды жолдағым келеді.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Алибек 15.05.2013 Сұрақ нөмірі:
Хромтау қаласы моноқалалар тізіміне енді деп естиміз. Бұл қала тұрғындарына не береді? Қала көшелерін ретке келтіру, тазалау, балаларға ойын алаңдарын дайындау жұмыстары жүре ме?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)