«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 374
- 22.12.2022, 15:00
- 22.12.2022, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Құрмантаева Мөлдір 22.12.2022, 16:52 Сұрақ нөмірі: 11522
Сәлеметсіз бе! Шамамен 3-4 ай бұрын өзім қызмет атқарып отырған мемлекеттік органда жарияланған ішкі конкурсқа жалғыз өзім қатысып, сұрақтарға тиісінше жауап бердім. Алайда, конкурс комиссиясы оң қорытынды алған үміткердің жоқтығы туралы шешім қабылдады. Конкурс комиссиясының қабылдаған бұл шешімі заңды ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Каиров Ерболат 22.12.2022, 16:50 Сұрақ нөмірі: 11521
Сәлеметсіз бе? Қызметкерім 2 ай бұрын қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылған болатын. Бүгінгі күні аталған қызметкердің атқарып отырған лауазымынан жоғары тұрған лауазым бос. Жалпы, өз ісінің маманы, жұмысын жақсы біледі. Аталған қызметкерді бос лауазымға конкурс өткізбестен ауысу тәртібімен тағайындауға бола ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Тампиева Жанна 22.12.2022, 16:41 Сұрақ нөмірі: 11520
Жақын арада мемлекеттік қызметке алғаш тағайындалған болатынмын. Мен қызметке орналасқан мемлекеттік органда алыс туысқанымның барын білдім. Бұл жағдай менің жұмысыма қандай да болмасын теріс әсерін тигізеді ма немесе заңнамамен шектеу қойылған ба?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Абсенов Руфат 22.12.2022, 16:37 Сұрақ нөмірі: 11519
Сәлеметсіз бе! Мен мемлекеттік қызметші болып табыламын және мен көп бала тәрбиелеп отырған анамын. Қазіргі уақытта мен қызмет атқаратын мемлекеттік органда қысқарту мәселесі көтеріліп жатыр. Соған сәйкес, жалпы, қандай қызметкерлер қысқартылуға жатпайтындығы туралы ақпарат бере аласыз ба?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Даулетбаева Ұлнұр 22.12.2022, 16:36 Сұрақ нөмірі: 11518
Саламатсыздарма! Егер мемлекеттік қызметшінің сөгіс түріндегі тәртіптік жазасы болса оған қолданылатын келесі тәртіптік жаза түрі қандай болады?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)