Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 38612
- 08.06.2009
- 11.06.2009
Раушан Базарбай 10.06.2009 Сұрақ нөмірі:
«Бейнеу – Бозой – Шалкар – Самсоновка» магистралдық газ құбыры құрылысының жұмыстары басталғаны белгілі. Аталған жобаға сәйкес Шиелі ауданына газ келе ме? Дүниежүзілік дағдарысқа байланысты бұл жұмыстар тоқтап қалуы мүмкін бе?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Урдабаев Бақтыбай Жарылқасынұлы 10.06.2009 Сұрақ нөмірі:
2007 жылдың қыркүйек айында Арал қаласынан спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталған, осы аталған құрылыс үстіміздегі жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі ме және футбол алаңына синтетикалық жасанды төсеніш (искусственный газон) пен кешеннің сыртқы қоршауы жүргізіле ме?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Болембаев Канат 10.06.2009 Сұрақ нөмірі:
Жалағаш ауданындағы "Жалағаш жаршысы" газетіне Аудандық Әділет басқармасынан №979 21.04.2009 жылы менің "Зияткерлік меншікті қорғау" атты тақырыпта Елбасымыздың Жолдауына сәйкес аудан кәсіпкерлерінің назарына заңнаманы түсіндіру мақсатында берілген болатын. Алайда мақала осы күнге дейін газет бетінде жарық көрген жоқ. Мақаланы жоғалтып алдық , газеттің келесі нөмірі дейді әйтеуір бүгінгі күнге дейін шығарылмады. Мамыр айында жаңа редакцияда жарғысын тіркеуден өткізді, ал оған дейінгі жарғысында авторға 10 пайыз қаламақы төленетіні көрсетілген.Ал қазіргі жарғысы өзгеруіне сайкес мақаланы ақылы деп шығармай отыр. Мақаланы шығармау себебі неде?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Ахметов Асылбек 09.06.2009 Сұрақ нөмірі:
Құрметті әкім мырза! Қала орталығындағы көшелердің атауын жаңартып, үйлердің реттік нөмірлерін қалыпқа келтірсе. Жедел жәрдем, газ шақыруда қиындықтар көп.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Досжанова Жанат 09.06.2009 Сұрақ нөмірі:
Әкім мырза, мектептерде келер жылдан бастап кітапты сатып алады дейді. Оған халықтың қаражаты жетпейді. Осы қаншалықты рас?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)