2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 57170
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010

Эльенора Нұрғали 25.11.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Үкіметтің тапсырмасы бойынша қыруар қаржы жұмсалып, ауылдарда мәдениет үйлері мен мектептер бой көтерді. Ішерге ауыз суы жоқ, болашағы бұлыңғыр ауылдардың ауыр жағдайы жоғарыдағыдай маңызды шаралар атқарыларда неге есепке алынбайды екен? Мәселен, өзіме жағдайы біліс Сырым ауданының Жамбыл ауылы, сондай-ақ, Жұбан ақынның талбесігі Сайқұдық ауылдарын алайық...

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Жүнісов Нұрлан 24.11.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Облыстың тұрғын үй саласын дамыту бағытында қандай шаралар жүзеге асырылады?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Исмагулов Камеш Исмагулович 24.11.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар қалада қандай нәтижелер көрсетуде?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

самиев талгат 24.11.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы! Бізді толғандырып отырған мәселе, ол аудан орталығын сумен қамту. Полтава селолық округіне қарасты, Ардақ нүктесінде мол жер асты су көзінің бар екендігі зерттелген. Сол жерден су құбырын тартуға қаржы қарастырып, үстіміздегі жылы іске қосылуына жағдай туғызуыңызды сұраймын. Шыңғырлау ауданының тұрғыны,зейнеткер,соғыс ардагері С.Ығылманов.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

самиев талгат 24.11.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы! Күз және көктем айларында Шыңғырлау-Ақсай бағытындағы автокөлік жолдарымен қатнасу қиын жағдайлар тұғызып келеді. Осы мәселені шешуде Республикалық бюджеттен қаржы бөлінуіне ат салысуыңызды сұраймын. Шыңғырлау ауданының тұрғыны, зейнеткер, еңбек ардагері В.Кравченко

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)